Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Еуразия» университеті ЕАЭО-дағы ең үздік оқу орны болуы тиіс

Дата: 29 апреля 2014 в 13:02 Категория: Новости науки

\"Еуразия\" университеті ЕАЭО-дағы ең үздік оқу орны болуы тиіс
Астана. 28 сәуір. Baq.kz – Күні кеше Мәскеудегі мемлекеттік университетінде дәріс оқыған ҚР Президенті Н.Назарбаев Л.Гумилев атындағы «Еуразия» ұлттық университетін Орта Азиядағы алдыңғы қатарлы ЖОО деп мәлімдеген болатын.

Ал, аталған оқу орнының студенттері болса тек Орта Азия емес, ЕАЭО елдері арасында да үздік атанамыз деп отыр. Оған материалдық-техникалық база жеткілікті дейді олар.
Астанадағы «Еуразия» университетінің 1-курс студенті Светлана Кужакулова таңдау жасауда қателеспегенін айтады.


— Кеше Елбасымыздың М.Ломоносов атындағы ММУ-да өткізген дәрісін тыңдай отырып өзімнің оқу орнын таңдағанда қателеспегеніме көзім жетті. Себебі Нұрсұлтан Әбішұлы бір рет емес, бірнеше рет Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Орталық Азия¬дағы жетекші жоғары оқу орын екендігін айтып өтті. Елбасымыз бүгінгі күні Еуразиялық интеграцияны нәрлендіретін Еуразия Даму банкі, Еуразия Іскерлік кеңесі, Еуразиялық Медиа-форум, Еуразия университеттерінің ассоциациясы сынды тағы да басқа бірлескен алаңдар бар болса, 18 жыл бұрын Астанада алғаш, яғни тұңғыш ашылған нысандардың бірі Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болды дегенде онлайн-трансляция арқылы көріп отырған біздердің, осы университеттің студенттерінің мәртебесін бір көтеріп қойды, — дейді ол.


Айта кетейік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылған болатын.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қаулысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен бірігу жолы арқылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
2000 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны болып саналады

 

 

По сообщению сайта Baq.kz