Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Хиуада Бекет атаға ас берілді

Дата: 12 мая 2014 в 11:12

Хиуада Бекет атаға ас берілді

Астана. 12 мамыр. Baq.kz – Маңғыстаулық мамандар Хиуадағы Бекет ата оқыған Шерғазы хан медресесіне барып, әулиенің құрметіне ас берді деп хабарлайды Zakon.kz.

«Рухани жиынға Маңғыстау облысының мәдениет саласында жүрген мамандар, өзіміздің музей қызметкерлері шақырылды. Сонымен қатар, біз Хиуада жерленген Қосай мен Құлбарақтың рухтарына да Құран бағыштадық» дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі, Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейінің сектор меңгерушісі Раушан Молдаева.
Аталған медресенің мұражайында қазақтың айтыскер ақыны Шерниязға, түркімен ақыны Мақтұмқұлиге және пір-Бекетке арналған арнайы залдар бар дейді маман. Олардың үшеуі де осы Шерғазы хан медресесінде рухани ілім алған.
Маңғыстаулық делегация мұнан бөлек Қарақалпақстанның Шымбай қаласында болып, киіз үйлердің бөлшектерін жасайтын шеберхана жұмысымен танысты.
Тарихшылардың айтуынша, маңғыстаулық ұсталар киіз үйдің тек жабуларын ғана дайындаған. Ал, негізгі қаңқасын осы Шымбай қаласынан алдыртқан көрінеді. Өйткені, өңірде кереге, уық және шаңырақ жасауға керекті ағаштар өспейді.
«Киіз үйді жасау процесін толық бейнежазбаға түсіріп алдық. Сондай-ақ, Шымбай ұсталарынан қосымша мәліметтер де алып отырмыз. Мұның барлығы ЮНЕСКО-ға жазған өтінішімізге енгізіледі» дейді аталған музейдің ғылыми хатшысы Ғалия Шантемірова. 

По сообщению сайта Baq.kz