Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ғарышкерлер Қарағанды әкіміне ғарыштан түсірілген суретін сыйға тартты

Дата: 15 мая 2014 в 07:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағанды облысына «Союз ТМА-11М» ғарыш кемесінің экипажы табан тіреді. Экипаж құрамында ресейлік Михаил Тюрин, америкалық Рик Мастраккио, сонымен қатар жапондық Коичи Ваката бар.

Фото: kazpravda.kz

Қону аппараты Жезқазғанның оңтүстік-шығысынан 146 шақырым жерге штатты режимде қонды. Экипаж мүшелері өздерін жақсы сезінеді. Жоспарланған тәжірибелерін нәтижелі орындаған. Әсіресе адам қимылын бұлжытпай орындайтын жапондық роботты тәжірибеден сәтті өткізген.

Ғалымдардың айтуынша, бұл робот мүгедектерге зор пайдасын тигізеді.

«Экипаж мүшелерінің ғарыштағы бірлігі жердегі адамдарға үлгі болуы тиіс. Біз бір бірімізге әрдайым қол ұшын беруге дайын тұруымыз керек», — дейді «Союз ТМА-11М» ғарыш кемесінің мүшесі Михаил Тюрин.

Ғарыш кемелерінің қону алаңына айналған Қарағанды қаласының таңбасы осы жылдың 28 мамырында орбитаға қондырылмақ. Бүгінде көптеген астронавтар қала таңбасына өз қолдарын қоюда. Аспандағы жұлдыздарға саяхатттан кейін ол қала мұрағатына қайта тапсырылмақ.

Космонавттар өз кезегінде қала әкіміне Қарағандының ғарыштан түсірілген суретін сыйға тартты.

«Қарағанды гербі ғарышты бір айналып келуі тиіс. Бұл қаланың 80 жылдығына үлкен сый болар еді. Біз ғарышкерлерді өз жерімізде қарсы алуға әрдайым дайынбыз», — деді Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов.

По сообщению сайта Nur.kz