Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жүн жіптерге деген ішкі қажеттілік 200 тоннадан асады

Дата: 06 июня 2014 в 15:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жүн жіптерге деген ішкі қажеттілік 200 тоннадан асады

Астана. 6 мамыр. Baq.kz — Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-2 шеңберінде республиканың барлық өңірлерінде жіп иіру-трикотаж фабрикаларын салу мәселесін қарау қажет. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасы Бақтыбай Қасымбековтің ойы осы 

«Жүн — тоқыма талшықтарының ішіндегі ең қымбаты. Қазақстанда жүн өндіру 2000 жылдан 2013 жылға дейін 14,7 мың тоннаға артып, 37,6 мың тоннаны құрады. Республикада жүнді бастапқы өңдейтін, жалпы қуаты 30 мың тоннадан асатын 15кәсіпорын жұмыс істейді», -деді жеңіл өнеркәсіп озаттары атап өтілген мерекелік іс-шарада комитет төрағасы.

Оның айтуынша, жыл сайын Қазақстанда 40 мың тонна жүн қырқылады, оның ішінде 15 мың тоннасы биязы және жартылай биязы жүн.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындарының 15 мың тонна биязы және жартылай биязы жүн өңдеу мүмкіндігі жағдайында кәсіпорындардың жүктемесі 70%-ды құрап отыр. Талдау көрсеткендей, республикада жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындар толықтай жүктеме алған жағдайда, биязы және жартылай биязы жүннің барлығын (15 мың тонна) өңдеп, отандық кәсіпорындар үшін де, шетелдік кәсіпорындар үшін де үлкен сұранысқа ие жуылған жүннің 5 мың тоннадан астамын (30%) өндіре алады», деп толықтырды сөзін Бақтыбай Қасымбеков.

Қазіргі уақытта елімізде жүн жіптер өндіретін жалғыз кәсіпорын «Қостанай жіп иіру-трикотаж фабрикасы» ЖШС болып табылады. Ол жылына 180 тонна биязы және жартылай биязы жүн өңдеп, одан 60 тонна жіп иіреді.
Жүн жіптерге деген ішкі қажеттілік 200 тоннадан асады. Қазіргі уақытта 5%-ға дейін жуылған биязы және жартылай биязы жүн өңделеді.
 

По сообщению сайта Baq.kz