Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаев ШҚО әкімдігінің жұмысынан шикілік тапты

Дата: 25 июня 2014 в 08:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Нұрсұлтан Назарбаев табиғи қоры бай аймақтың түсті металл өндіруде өгіз аяңмен келе жатқанын қатаң сынға алды.

Фото: yk-news.kz

Өскемендегі бірнеше нысанды аралап әлеуметтің тынысынан хабардар болған Елбасы көпшілікпен кездесу өткізіп, бұған дейін де әр салаға арналған тапсырмаларының орындалмай жатқанына тоқталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Әсіресе құрылысы ұзаққа созылған денсаулық сақтау саласындағы 7 нысанның жұмысына қатысты сын айтылды. Қан айналымы ауруына шалдыққандардың саны бойынша облыс елімізде көш бастап тұрса да, жергілікті билік 6 жыл бұрын салына бастаған орталықтың құрылысын аяқтауға әлі асығар емес.

«Мемлекет денсаулық сақтау саласына берілетін қаржыны жыл сайын көбейтіп жатыр. Барлық облыс орталықтарында заман талаптарына сай емханалар салдық. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға да көп көңіл бөлінуде. Осыған қарамастан, облыстық қан құю орталығының құрылысын 6 жыл бойы аяқтай алмай жатырсыңдар», — деп сынға алды өңірдің шенділерін мемлекет басшысы.

По сообщению сайта Nur.kz