Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

12 жылдық оқыту бағдарламасы:жоба мен талқы

Дата: 27 июня 2014 в 14:02

 

12 жылдық оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасы әзірленді. Жобаны Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы  және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп дайындады.  Жоба жетекшілері, педагогтер, ата-аналар, әдістемелік бірлестіктер жобаны екі қайтара талқылады. Ұсыныстар мен ой-пікірлер ескеріліп, жобаға өзгерістер енгізілді. Қазір жоба үшінші мәрте түсіндіріліп, талқыланып жатыр. Насихат тобы біздің Ақтөбеге де ат басын бұрған еді. 

2015 жылы қыркүйектің 1-інен бастап  12 жылдық білім беру стандарты еліміздегі 30 мектепке эксперимент түрінде енгізіледі. Жаңа стандарт бойынша 1-сынып оқушылары оқытылады.

— 12 жылдық білім берудің мақсаты — бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру, — дейді Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру ұйымы «Білім беру бағдарламалары» орталығының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің аға менеджері Қаламқас Байтенова.

Стандарт жобасында 12 жылдық білім беру 3 сатыдан тұратыны көрсетілген. Біріншісі, 1-4 сыныптар, екіншісі, 5-10 сыныптар, үшіншісі, 11-12 сыныптар. Оқытудың жаңа бағдарламасы сатылап енгізіледі.

Қаламқас Байтенованың айтуынша, 12 жылдық оқыту бағдарламасы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» тәжірибесі бір-бірімен тығыз байланысты.

— Елбасы жүктеген міндетті орындау мақсатында көп жұмыс қолға алынып жатыр. Соның бірі — 12 жылдық оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты жобасының әзірленуі, — дейді Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның өкілі.

2016 жылы қыркүйектің 1-інен бастап жаңа стандарт республикамыздағы барлық мектептердің 1-сынып оқушылары үшін енгізіледі. Бұдан кейінгі жылы 1-сыныппен қатар 2-сыныптың оқушылары да жаңа жүйе бойынша білім алады. Бастауыштан соң, орта буын, одан кейін жоғары сынып оқушылары кезең-кезеңмен, сатылап 12 жылдық білім беру бағдарламасына көшеді.

— Жаңа стандартта пәндердің мазмұны өзгереді. Мысалы, әр пәннің оқыту бағдарламасында тақырыпты игерумен қатар жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсаты да қойылып отыр.

1-сыныпта ана тілі, ағылшын тілдері өткізіледі. Өнер саласынан 2 пән оқытылады:«Музыка» және «Бейнелеу өнері». «Бейнелеу өнері» пәнінде бейнелеу өнері мен еңбек сабағы кіріктіріліп оқытылады. Бастапқы әзірленген жобада музыка, бейнелеу өнері, еңбек пәндері  кіріктіріліп еді, кейін музыка пәнінің мұғалімдерінің пікірлерін ескере келе, музыка пәнін бөліп оқыту жобаға енгізілді.

Сонымен қатар, «Ғылымға кіріспе» пәні өткізіледі. Бұл пән оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытады. Балаларға табиғат, қоғам және әлемдегі құбылыстар арасындағы байланыстар түсінігін қалыптастырады.

Жобада «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) пәнінің енгізілетіндігі де көрсетілген. Бұл пәнді оқу арқылы балалар компьютерді сауатты  пайдалану негіздерін меңгереді. Олар әртүрлі мәтін, кесте, деректер жиынтығы түрінде берілген ақпараттарды іздеу, алу, ұсыну жолдары мен тәсілдерін үйренеді. Сондай-ақ, бұл пән оқушыға компьютерді денсаулыққа зиян келтірмей қолдануды үйретеді.

 

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ. 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті