Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада жұмыссыздарға арналған тегін курстар өткізіледі

Дата: 12 июля 2014 в 10:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанада жұмыссыздарға арналған тегін курстар өткізіледі

Астана. 12 шілде. Baq.kz – Қарашаш Ташенова бір жылдан кейін жасына қарай зейнетке шығады. Бұған қарамастан ол кәсіби тігу өнерін меңгеріп, байырғы арманы — жеке ісін ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Қарашаш апай Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған ақысыз тігу курстарына қатыспақ. 

Қарашаш Ташенова, Астана қаласының тұрғыны:

«Осы басталған курстар маған өте пайдалы. Өйткені мүгедектің зейнетақысы жетпейді, сондықтан ары қарай өз жұмысымды бастап, киім тігіп, ақша табамын, ЖК ашамын деген ойым бар. Осы курстарда шалбар, көйлек пен юбканы қалай тігетінін үйреніп жатырмын. Өте қызығамын. Кішкентай жасымнан, бесінші сыныптан бастап тіксем де, мұндай нәрсені тігіп көрмегем. Қазір киімдерді тігіп, ақша табам деген ойым бар».

Тігу курсы 19 маусымда өз жұмысын бастады. Топқа 32 адам қабылданды. Олар әлі екі ай оқиды. Болашақ мамандар тігу және пішу өнерінің қыр-сырын меңгереді. Бұл кез-келген әйел үшін қызықты, аса пайдалы және қажет нәрсе. Курсты тәмамдаған соң сертификаттар табысталып, әлеуметтік маңызды кәсіп иелері жұмыспен қамтылады.

Азамат Байтасов, Астана қаласының «Жұмыспен қамту орталығы» КММ кәсіби бағдар бөлімі басшысының орынбасары:

«Адам ұзақ уақыт бойы мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған жағдайда, кәсіби білім беріледі. Ол осы курстардың көмегімен өзінің кәсібін ауыстырып, сол бағытта жұмыс істейтін болады. Бұл кеңінен таралған практика және үлкен сұранысқа ие».

Курстар жұмыс берушілердің өтініші бойынша өткізіледі. Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығында 115 маман қайта даярланып, 146-сының біліктілігі арттырылды. Киім пішушілер, газ электр дәнекерлеушілер мен тігіншілер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар. Бұдан басқа, мекемеде мектепке дейінгі тәрбие мамандары мен аспазшылар да дайындалады. Топ осы айдың ішінде жасақталмақ. Курстарға қатысам деушілер Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына хабарласуы тиіс. 

По сообщению сайта Baq.kz