Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Семейде баттл биіне арналған Арбат фестивалі өтті

Дата: 21 июля 2014 в 18:48 Категория: Новости культуры

Семейде баттл биіне арналған Арбат фестивалі өтті

Семейде баттл би сайысына арналып Арбат фестивалі болып өтті. Іс шара Семей қаласы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ ұйымдастыруымен қолға алынды.

Арбат фестивалінің мақсаты — жас дарындарға өнерін көрсетуге мүмкіндік жасап, бос уақыттарын тиімді өткізу. Шара барысында жас өнерпаздар өз өнерлерін паш етті. Мерекелік шара барысында қаланың осынау көрікті көшесінде би өнерінің шеберлері бас қосты. Фестиваль қонақтары болса өзара сайысқан жастардың шеберліктерінің куәсі болды. «Бүгінгі Арбат фестивалі би баттлына арналып отыр. Оған қаланың бірнеше би топтары қатысып өз өнерлерін көрсетеді», — дейді Жастар орталығының басшысы Қайсар Еркінбаев.

«Жеңімпаз жеткен команда Арбат фестивалінің жабылу салтанатында өз өнерлерін көрсететін болады. Фестивалдің мақсаты — қаламыздағы әртүрлі субмәдениеттерін дамыту, жастардың талантын ашу, жалпы жастардың уақытын тиімді өткізу және оған жағдай жасау. Шараға би топтарынан өзге кез келген қала тұрғындары қатыса алады. Семейліктерді осы Арбат фестиваліне белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Фестиваль соңында жеңімпаз би тобы құнды сыйлықтармен марапатталады», — дейді Жастар орталығының басшысы Қайсар Еркінбаев.

Айта кетейік, шаһарда Арбат фестивалі апта сайын жұма күндері өткізіліп келеді. Фестиваль аясында өткізіліп отырған шаралар тақырыбы да әр алуан.







Асқар МЫҢБАЕВ

По сообщению сайта Arna Press