Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

7 облыста деректерді өңдеу орталығы пайдалануға берілді

Дата: 23 июля 2014 в 19:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

7 облыста деректерді өңдеу орталығы пайдалануға берілді

Астана. 23 шілде. Baq.kz — Осы айда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ компаниясымен Қазақстанның 7 облысында деректерді өңдеу орталықтары пайдалануға берілді.

Мемлекеттік органдар үшін дата-орталықтар енді Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Көкшетау мен Талдықорғанда жұмыс істейді. ДӨО Қазақстанның мемлекеттік органдарына хостинг қызметін қолдану үшін серверлік ғаламтор-платформасын құрастыру жобасының бөлігі болып табылады.

ДӨО қызметтері мемлекеттік органдарға серверлік инфрақұрылымдардың құрылысына, оны жабдықтауға және сервистік сүйемелдеуге қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу орталығының жалпы көлемі 200 ш.м. артық, электрмен қамту, ауабаптауыштары, автоматты газдық өрт сөндіру, күзет-өрт сөндіру сигнал жабдығы, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ мониторингтің кешендік жүйесімен және басқару жүйесімен жабдықталған.

Дата-орталық барлық халықаралық сапа нормаларына сай және мүмкін болатын 4 қауіпсіздік деңгейінің 2-деңгейіне сәйкес келеді, ол ДӨО жұмысын 24х7х365 тәртібінде болжайды, тоқтаусыз жұмыс пен бағдарламалық-аппараттық кешендердің істен шығу төзімділігін 99,749% деңгейінде құрылғыны сақтауға және мәліметтерді жүйеге рұқсат етілмеген қолжетімділіктер мен физикалық бұзылудан сақталуын қарастырады.

2014 жылдың аяғына дейін деректерді өңдеу орталықтарын пайдалануға беру Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Петропавл, Тараз және Алматы қалаларында жоспарланған.

Осы жоба электрондық үкімет бағдарламасының әрі қарай дамуының инфрақұрылымдық алаңына айналады.
 

По сообщению сайта Baq.kz