Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ө.Шөкеев «Хазанах» және «Темаксек» холдингтерінің жетекшілерімен кездесті

Дата: 29 августа 2014 в 11:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ө.Шөкеев «Хазанах» және «Темаксек» холдингтерінің жетекшілерімен кездесті

Астана. 29 тамыз. Baq.kz — «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Куала Лумпурде «Хазанах» холдингінің атқарушы директоры Дато Норазман Абд Азизбен кездесті  

«Біздің елдердің нарықтарында қызығушылық тудыратын Қазақстан мен Малайзиядан түскен технологиялық ұсыныстар мен старт ап жобалардың бірлескен ортақ тізімін құруды ұсынамыз. Сондай-ақ, Сіздің компания Назарбаев Университеті негізінде Қазақстанның инновациялық потенциалын дамыту мүмкіндігін қарастырады деген үміттеміз. Өз кезегінде бұл біздің инновациялық потенциалымызды бағалап, технологиялар трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деді кездесуде Өмірзақ Шөкеев.
Тараптар «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация бағдарламасын талқылады. Өз кезегінде Өмірзақ Шөкеев «Хазанах» жетекшісін ақпанның 6-7 күндері Астанада өтетін халықаралық форумға шақырды. Шара трансформация бағдарламасының ресми іске асырыла бастауына орайластырылмақ.
Сингапурде Ө.Шөкеев бастаған қазақстандық делегация «Темасек» холдингінің атқарушы директоры Хо Чин ханыммен және Сингапурдың үкіметтік инвестициялық корпорациясының президенті Лим Сион Гуан, Global Investments төрағасы Ын Кхок Сон мырзалармен кездесті. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік жайын талқылады. Атап айтқанда инвестициялық жобаларды тізе қосып, бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктері сөз болды. Осы орайда Ө.Шөкеев «Темасек» холдингімен әріптестікте инновациялық сала басым бағыт екенін ерекше атап көрсетті. 

По сообщению сайта Baq.kz