Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ядролық сынаққа қарсы күрес күніне орай БҰҰ Бас хатшысы үндеу жариялады

Дата: 29 августа 2014 в 16:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ядролық сынаққа қарсы күрес күніне орай БҰҰ Бас хатшысы үндеу жариялады

Астана. 29 тамыз. Baq.kz – Дүниежүзілік сынаққа қарсы күрес күніне орай БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун әлем халқына үндеуін жариялады.  

1991 жылдың осы күні Қазақстан Семей қаласы жанындағы ядролық қару-жарақтарды сынау мақсатындағы полигонды жапты. 1949 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ өткізілді. Осыдан кейін келесі он жылдықта 455 ядролық сынақ жүргізу жалғасты. Қазіргі уақытта қоршаған орта мен жергілікті халық әлі күнге дейін сынақ зардабын көруде.
Бас хатшы ретінде мен қару сынағынан аман қалған қайратты адамдармен және Семей, Хиросима, Нагасаки қалаларында ядролық сынақты жүргізген адамдармен кездесу мүмкіндігіне ие болдым. Олардың жігері мен ерлігі ядролық қарусыз әлемді құру бойынша жұмысымызды басқаруда қызмет етуді жалғастыру қажет.
Бұл Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күнінде халықтың аман қалуы тарихына жаңа баға берейік. Олардың сөзіне құлақ салып, көз алдарыңызға жарылыстың қалай болғанын елестетейік. Сонда ғана біздер ядролық қарудан және ядролық сынақтан ерікті әлем құру ниетіміздің қажеттілігін түсінеміз.
Ядролық сынақты жаппай тыю туралы келісімді ратификацияламаған елдің азаматтарына, әсіресе 8 елдің: Қытай, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Египет, Индия, Иран, Израиль, Пәкістан және Америка Құрама Штаттарыныың азаматтарына айтарым, барлық ядролық сынақты тоқтатуды талап етіп, ядролық қару-жарақтан және ядролық сынақтан ерікті әлемді құру бойынша аяқсыз қалған жұмысты қолға алайық. Өскелең және қауіпсіз болашаққа жол бастайық.

По сообщению сайта Baq.kz

Читайте также