Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Көкшетаулық шенеуніктер балбақшадағы әр баладан мың теңгеден ұрлап келген

Дата: 08 сентября 2014 в 19:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Көкшетаулық шенеуніктер балбақшадағы әр баладан мың теңгеден ұрлап келген
Көкшетаудағы балабақшаларда тізімде жоқ бүлдіршіндердің оқуы, тәрбиесі мен коммуналдық шығындарына артық ақша жұмсалып келген деп хабарлайды 24.kz.

Бұл күрделі қаржы қитұрқысын қалалық прокуратура анықтады. Кезекті рейд кезінде қадағалаушы орган өкілдері тексерген мектепке дейінгі 14 мекеменің 9-ынан осындай кемшілік табылған. Тәрбиешілердің тек қағаз жүзінде жұмыс істеп, бала санын өсіріп көрсету арқылы қазына қаржысын қымқырғаны да әшкере болды.

Былтыр осындай 120 артық бала анықталса, биыл тағы да тізімде жоқ 49 бүлдіршіннің тәрбиесіне қаржы бөлінген. Сондай-ақ облыс балабақшаларында бір балаға белгіленген шығынды көтеріп көрсету де орын алған. Қалалық білім беру бөлімі бір балаға бөлінген 19 мың теңгенің орнына 20 мың теңге жұмсап келген.

«Тексеру барысында 24 млн теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Бұл қаржы балабақшаға мүлде бөлінбеген, бүлдіршіндерге жұмсалды деп құжатталып, талан-таражға түскен. Бүгінде аталған шығынды қалпына келтіру мақсатында жұмыс жүргізілуде», — дейді Көкшетау қаласы прокурорының аға көмекшісі Қарлығаш Естаупова.

По сообщению сайта Nur.kz