Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады

Дата: 10 сентября 2014 в 08:42

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады

Астана. 10 қыркүйек. Baq.kz – Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталады. Салтанатты шараның ашылуына Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен бірге Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей сынды бірқатар елден келген құрметті қонақтар қатысты. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алғаш рет өткелі отырған ауқымды шараға 20 жауық елден 400-ге тарта спортшы қатыспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етуге арналған шараға қызығушылар өте көп болған. Сондықтан түркі әлемімен шектелмей, көшпенділер әлемі ойыны деп атауға тура келген. Спортшылар қазақ күресі, қырғыз күресі, көкпар, салбұрын, аламан бәйге, жорға жарыс т.б ойын түрлерінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы БиБиСи, Әл-жазира, ТРТ АВАЗ сынды әлемнің көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратпақ.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Nomad folk» атты фольклорлық фестиваль мен «Ethno Fashion» атты сән көрсетілімі де ұйымдастырылады.

Қазақстандық делегацияны ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қырғыз еліндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев бастап барып отыр.
Қазақстан делегациясының құрамына 45 спортшы мен 11 жаттықтырушы кірді. Қазақстанның ресми делегациясының құрамында барлығы 74 адам. Жерлестеріміз ұлттық спорттың 10 түрі бойынша бақ сынайды, атап айтқанда: асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, қырғыз күресі, алыш, көкпар, аударыспақ, аламан бәйге, құнан бәйге, ат жарысы.

По сообщению сайта Baq.kz