Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Павлодарда кәсіпкер әйелді қасақана өлтіргендер саны көп болуы мүмкін

Дата: 16 сентября 2014 в 09:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Павлодарда кәсіпкер әйелді қасақана өлтіргендер саны көп болуы мүмкін

Алпыс жастағы Павлодарлық кәсіпкер әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Марқұмның әк төгілген мәйітін өрт сөндірушілер тапқан еді.


Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тіпті көп ұзамай аса қауіпті қылмысты жасауы мүмкін деген күдікті де қамауға алынған болатын. Бірақ қайтыс болған әйелдің балалары аналарын аяусыз өлтірген қылмыстық топтың тек бір ғана мүшесі ұсталды деп отыр.

Аяусыз өлтірілген Балапия Қашенованың қызы Ләйлім Қашенова анасының із-түссіз жоғалып кеткен күнді — тамыздың 26-сын өмір бойына есіме сақтап қалдым дейді. Бір тәуліктен соң алаңдаған жақындары полицияға хабар береді. Сол күннен басталған іздеу жұмыстары екі аптаға созылады.

Он төрт күн бойы аналарын аман санаған балалары соңғы секундтарға дейін жақсы жаңалық күткен. Бірақ...

«Анамның денесі осыдан 35 шақырым жердегі Шарбақты тас жолынан табылды. Үстіне әк төгіліп, қолдарын қайырып, тізесін бөлшектеген күйі басына пакет кидіріп көміп тастаған жерінен қазып алдық»,-дейді  Балапия Қашенованың қызы Ләлім Қашенова.

Қайтыс болған жанның жақындарының айтуынша, әйел он жылға жуық уақыт бойы мемлекеттік мекемелерге ет тасумен айналысқан, орта деңгейдегі кәсіпкер болған.

Ал оның балалары соңғы сегіз айдан бері әйелдің қарамағында жүргізуші болып істеген күдікті Балапия Қашенованы ұрлап кетіп, 50 мың доллар көлеміндегі қомақты қаржыны қолды қылмақ болған деген болжамға сүйенеді.

Қайғы жұтқан отбасы мүшелері қылмысты бес адамнан тұратын топ қасақана жасады дейді.

Балапия Қашенованың ұлы Қахар Қашенов: «Із-түссіз кеткеннен кейін 28 және 29 тамыз күні менің анамды вокзал жақтан көрген куәгерлер бар. Одан кейін біраз күн өткен соң, оны Кенжекөл ауылынан көрген. Бірақ сараптама қорытындысы бойынша, менің анамды сол жоғалған күні — 26 тамызда өлтірген». — дейді.

Іс-түссіз жоғалып кеткен әйелдің денесі табылған соң, қанды қол қылмысқа қатысы бар деген күдікпен өзінің жүргізушісі ұсталып, қамалады. Азамат өз кінәсін мойындайды.

Алайда аналарының өліміне себепші болғандар саны әлдеқайда көп деген балалары тәртіп сақшылары мен прокуратураға арыз жазған. 60 жастағы кәсіпкер өліміне қатысты тергеу амалдары енді ғана басталды.

Ал қайтыс болған ананың балалары қорыққандарынан далаға да шыға алмай қалдық дейді. Өйткені олардың сөздерінше бостандықтан жүрген қылмыстық өзге де сыбайластары зақым келтірулері мүмкін.

По сообщению сайта Nur.kz