Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Г.Омарова: 64 ЖОО-да «Дені сау университеттер» жобасы жүзеге асырылуда

Дата: 08 октября 2014 в 15:02 Категория: Новости науки

Г.Омарова: 64 ЖОО-да «Дені сау университеттер» жобасы жүзеге асырылуда

 Жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға ықпал ететін орта қалыптастыру мақсатында Қазақстанда ДДҰ қолдауымен 935 мектепте «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» және 64 ЖОО-да «Дені сау университеттер» жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің республикалық үйлестірушісі Гүл Омарова айтты.

 

— Репродуктивтік денсаулық саласындағы қызметпен тұрғындарды жалпылама қамтуға қол жеткізу алғашқы деңгейдегі қызметке, отбасының әлеуметтік және экономикалық дәрежесіне, азаматтардың өз денсаулықтарына деген жауапкершілігіне, біліміне және өзге де көптеген факторларға байланысты. Азаматтардың репродуктивтік денсаулығы жасөсіпірім шақта, мектепте оқып жүргенде қалыптасатындықтан, жасөсіпімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау қазіргі кездегі мектептердің профилактикалық міндеттерінің бірі болып табылады, — деген Гүл Төребекқызы «Жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға ықпал ететін орта қалыптастыру мақсатында Қазақстанда ДДҰ қолдауымен 935 мектепте «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» және 64 ЖОО-да «Дені сау университеттер» жобасы жүзеге асырылуда. Үйлестірушілер денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивтік денсаулықты нығайту, жасанды түсік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бағытында іс-шаралар өткізуде. Олар жауапты мінез-құлық қалыптастыру, заманауи және қауіпсіз контрацепция туралы ақпараттандыру, психоактивтік заттарды пайдалану профилактикасына бағытталған» деп атап өтті.

По сообщению сайта Baq.kz