Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қарағандыда металлургиялық кремний өндіретін зауыт қайтадан ашылды

Дата: 16 октября 2014 в 14:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағандыда металлургиялық кремний өндіретін зауыт қайтадан ашылды. Кәсіпорынның қайта жандануына «Бәйтерек» және «Самұрық — Қазына» ұлттық холдингтері кірісті.

Фото: stolichniy.kz

Өндірісті кеңейту және кремний балқытуға арналған жаңа пешті іске қосу мақсатында қос холдинг бір жарым миллиард теңге бөлуді ұйғарған. Зауыт жылына 25 мың тонна өнім шығармақ. Оны АҚШ, Жапония және Еуропаның күн батареяларын жасаушы және химиялық өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындарға жөнелту көзделуде.

Кремнийдің бір тоннасы 2800 долларға дейін бағаланады. Осының арқасында Қазақстанның бюджеті біраз толықпақ. Кәсіпорынның бұрынғы иесі «Силициум Қазақстан» компаниясы біраз олқылықтарға жол берген көрінеді. Жұмыс істегеніне екі-ақ жыл болған компания банкроттыққа ұшырап, инвесторлар мен Қазақстанның даму банкіне 230 миллион доллар қарыз болып қалған.

Зауыттың жаңа басшылығы бүгінде жұмысшылар жалақысын толықтай өтеді. Ендігі кезекте өндірісті ретке келтіру мәселесі тұр. Ал қарапайым қызметкерлер зауыттың жандануы ұзаққа дейін созылатындығына сенімді.

«Бүгінгі таңда 300 адамдай осында жұмыс істеп келе жатыр. Олардың саны болашақта 500-ге дейін жетеді деп жоспарлап отырмыз. Тағы бір қуантарлығы, бұдан бұрын осы зауытта жұмыс істеп келген жұмыскерлер қайтадан жұмысқа оралып жатыр», — дейді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

По сообщению сайта Nur.kz