Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қостанайда өңір кәсіпкерлерінің кеңесі өтті

Дата: 17 октября 2014 в 09:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қостанайда өңір кәсіпкерлерінің кеңесі өтті

Астана. 17 қазан. Baq.kz – Қостанайда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Өңірдегі шағын және орта бизнес субьектілерінің өзекті мәселелері талқыланған Кеңес отырысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева қатысты, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

— Кәсіпкерлер құқын қорғау – ҰКП алдындағы басты бағыт саналады. Мұнымен қатар, палата заңнамаға сай, СТ KZ сертификатын берумен, сондай-ақ, бизнесті сервистік қолдау қызметін көрсетеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен, қазірдің өзінде сертификат беру құқына ие. Сертификат беру ісінде де, сервистік қолдау көрсетуде де палата мүлтіксіз қызмет етуі тиіс. Жалпы, кәсіпкерлер қандай да болмасын туындаған мәселелер бойынша ҰКП өтініш арызын айта алады, — деді Гүлнар Құрбанбаева.
Оның айтуынша, облыстағы консультативті-кеңес органы құрамының тең жартысын кәсіпкерлер палатасының өкілі құрауы тиіс екен. Әсіресе, жер бөлу комиссиясы, үйлестіру және мемлекеттік сатып алу ісіне біздің палата мамандары араласуы керек көрінеді. Өйткені, ҰКП-ға келіп түсетін өтініш-арыздың басым бөлігі осы салаларға қатысты. Атап өткен жөн, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қадағалау органдарымен өзара ынтымақтаса, ықпалдаса қызмет етуінің арқасында көптеген мәселелер оң шешімін тапқан.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары сотта бизнесмендер мүдделерін қорғауда

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Самат Садуақасов отырыста сөйлеген сөзінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары осы жылы кәсіпкерлерден келіп түскен 10 өтініш бойынша сот процесстеріне қатысып, алты сот ісінің кәсіпкерлер пайдасына шешілгенін атап өтті. Мысал ретінде айта кетсек, «Gold-Agro» ЖШС-не қатысты қаралған іс. Облыстың профильдік департаментінің аудит бөлімінің бастығы М. Досмухамедовтің және осы бөлімнің бас маманы А.Х. Иманбаевтың жүргізген салық тексерулерінің нәтижесінде компания 26 млн теңге сомасында салықтар мен өсімақыны қайта есептеу туралы хабарлама алған. Өңірлік палата сарапшылары осы іске қатысты материалдармен таныса келе, Салық департаментінің заңсыз әрекеттері туралы қорытынды жасап, ЖШС сотқа жүгінуіне ұсыныс жасады. Палата мамандары сот процесі барысында серіктестіктің құқықтары мен мүдделерін қорғаған.
Сондықтан да Кеңес отырысына қатысушылар Қостанай облысының Салық департаментіне бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұрап өтініш білдіру туралы шешім қабылдады.

Сыртқы жарнаманы орналастыруға жер телімдерін ұсыну

2014 жылдың ақпанында жарнамалық компаниялардың өкілдері Қостанай қаласының әкімдігіне шағымданып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Жарнама компанияларының сыртқы жарнама орналастыруға жер телімдерін жалға беру мерзімін созу өтініштері қабылданбаған. Бизнесмендердің айтуынша, бұл өтініштердің қабылданбауы сыртқы жарнамалардың заманауи талаптарға сай келмейтіндігін және қала көркінің бұзылатындығымен түсіндіріліп, алдағы уақытта жарнама орналастыруға жер телімдері конкурстық негізде ұсынылатынын мәлімдеген.
Өңірлік палатаның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі мемлекеттік қызметкерлер мен бизнесмендерден тұратын жұмыс тобын құрған. Осылайша, осы мәселенің шешімін табуда өзара ортақ пікір қалыптастыру көзделген, дегенмен ол іске аспаған.
Ағымдағы жылдың маусым айында Өңірлік палатаның сараптамасына жер телімдерін конкурстық негізде беру және осы учаскілерде автобус аялдамаларын орнату, бизнесмендер билбордтардың орнына жарнаманың тек бір түрі – скроллерді (қозғалмалы конструкция) қолданатыны жайлы Қостанай әкімдігінің қаулы жобасы келіп түскен.
Өңірлік палата сарапшылары кәсіпкерлер құқығының бұзылуын айтып, бұл қаулы жобасын қолдамайтындарын білдіргенімен сарапшылар қорытындысы назарға алынбаған.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура арасында осыған дейін жасалған меморандум аясында Палата сарапшылары облыстық прокуратураға жүгінген, нәтижесінде прокуратура тарапынан да қаулы жобасына тыйым салынған. Алайда, ол да орындалмаған.
Осы іске қатысты қадағалаушы орган қалалық сотқа шағымданған. Қазіргі уақытта іс қаралуда, қаланың басым аумағында жер телімдері ресімделмейді, ал жер телімдерін ұсыну бойынша конкурс жүргізілмейді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пайымдауынша, осы мәселе бойынша Қостанай қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы – қаланың бас сәулетшісі А.Юнусов жауапты.

***

Сонымен қоса, жыл басынан бері Өңірлік кәсіпкерлер палатасына қала аумағында жарнама орналастыруға жер телімдерін алу мүмкіндігін ала алмаған бірқатар кәсіпкерлерден өтініш-хаттар келіп түскен. Олардың ішінде үш өтініш бойынша прокурорлық әрекет ету актілері шығарылған. Кәсіпкерлер өтініштерін қарау барысында мерзімдерді бұзғаны үшін Қостанай қаласының әкімдігі Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Р. Кенекбаева тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Кеңес отырысына қатысушылар Қостанай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің қызметін мемлекеттік қызмет стандарттарын сақтау нысанына бірлесіп тексеру жүргізу туралы өтінішпен облыс прокуратурасына шығу туралы шешім қабылдады.

«AMS COST» ЖШС мен Қостанай әкімдігі арасында туындаған жер дауы

2012 жылы «AMS COST» ЖШС «40 лет Казахстана» кинотеатры ғимаратымен қатар бұған дейін жекеменшіктің иелігінде болған жер учаскесін де иеленген болатын. Кәсіпкер ойын-сауық кешенінің қызметін кеңейту мақсатында банктен 500 млн. теңге несие алған болатын. Қостанай әкімдігі ғимаратты қайта жаңғырту және кеңейту бойынша қаулы қабылдаған болатын.
Кәсіпкер мердігер мекемемен келісімшартқа отырып, жер аумағын оқшаулап қойған. Осыдан кейін әкімдік рұқсат құжатын қайтарып алады. Жұмысы жарты жолда тоқтап қалған кәсіпкерге несиелік келісімді орындамағандығы туралы банктен айыппұл санкциялары жолданады.
ЖШС прокуратура органдарына шағымданады. Қадағалау саласы қызметкерлері әкімдік шешімі заңсыз деп танылып, кәсіпкердің құрылысты жалғастыруына рұқсат береді. Алайда, 2014 жылдың басында жерді мемлекет қажеттілігі үшін күштеп қайтарып алу туралы әкімдік шешімі туралы хабарлама келеді.
Бастаған жұмысы аяқсыз қалған кәсіпкер күні бүгін банктен алған несиесін өтей алмай, қаржылық қиындықтарға тап болып отыр. Атап өткен жөн, өңірлік палата қызметкерлері аталған жағдайда мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік субьектісінің құқы бұзылғандығын анық көріп отыр.
Кеңес отырысына қатысушылар өңірлік кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызмет стандарттарының сақталуына қатысты бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізу туралы прокуратураға ұсыныс білдіруге шешім етті.

Нарық субьектілері тізіліміне мекемелерді қосу

Қостанай облысы аудандары аумағына электр энергиясын тасымалдаушы «Алатау Энерготрейд Лимитед» ЖШС өңірдегі ірі «Қостанай Энерго орталығы» компаниясының жиынтық үлесімен басымдық және монополиялық нарық субьектілері реестрі тізіміне қосылған болатын.
Аталған жағдаймен компания келіспейтіндігін жеткізді. Себебі, компания электр энергиясының бөлшек тасымалы нарығында 1,2% ғана үлес иемденеді. Сондықтан, бұл салада маңызды шешім қабылдайтындай жағдайда емес.
Өз құқын қорғау үшін компания Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Бұдан соң, реестрден алып тастау шартын талап етіп Астана қалалық ауданаралық экономикалық сотына шағымданды.
Сот шешімен өтініш қанағаттандырылды. Антимонополиялық агенттік үкімі заңсыз деп танылды. Алайда, аппеляциялық алқа мүшелері «Алатау Энерготрейд Лимитед» ЖШС өтінішін кері қайтарды.
ҰКП сарапшылары пікірінше, компанияны монполистер реестріне енгізу туралы антимонополиялық агенттіктің шешімі өрекскел қателік. Айта кетейік, бұған дейін де кәсіпкерлер палатасына «Север-птица» мекемесі шағымданған болатын. Әкімшілік іс сотта қаралып, компания айыппұлдардан босатылған еді. Кеңес мүшелері өңірлік кәсіпкерлер палатасына Қостанай облыстық антимонополиялық инспекция қызметіне тексеріс жүргізу жөнінде прокуратураға ұсыныс енгізу туралы шешім етті.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ арақатынасындағы туындаған қиындықтар

Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасына «КазТрансГазАймак» АҚ Қостанай өндірістік филиалының газды тасымалдау және жеткізу қызметі үшін алдын-ала 100 пайыздық төлем жасау туралы талабына қатысты кәсіпкерлер тарапынан өтініш арыздар келіп түсті.
Палата сарапшылары жағдайды жіті зерттей отырып, төмендегідей шешімге келді. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы қаулысына сай, аталған қызмет түрі бойынша шартты келісімшарт бекітілген, одан бөлек талап қою заңсыз. Сондай-ақ, Азаматтық кодекс бойынша да газды тасымалдау қызметінде алдын-ала төлем талап етілмеген. Бұдан бөлек, өңірлік кәсіпкерлер палатасына газификациялау саласында қызмет ететін басқа да бірқатар кәсіпорындар шағымданды.
Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасына аталған мәселе бойынша кәсіпкерлік субьектілері мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ КӨФ пікірін ескере отырып, бірыңғай механизм құру керектігі туралы ұсыныс айтылды. Осылайша, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысын қорытындылаған Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева жергілікті бизнесмендерге табыс тілеп, алдағы уақытта кәсіпкерлер құқының аяқасты болу деректері азаятынынан үмітті екендігін білдірді.
 

По сообщению сайта Baq.kz