Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматылықтар көлік кептелісінен құтылады

Дата: 20 октября 2014 в 12:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматылықтар көлік кептелісінен құтылады

 АСТАНА. 20 қазан. BAQ.KZ — Алматы өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз қала. Оған қоса, экологиясы да күн құрғатпай жақсарып келеді. Алып шаһардың тұрғындары үшін жасалып жатқан жағдайға шетелдік сарапшылар да жоғары бағасын берді.

 Алматылықтар көлік кептелісінен құтылады. Өйткені, 2015-2016 жылдан бастап, қаладағы қоғамдық көлік бағыты өзгермек. Осыған сәйкес, жол ақысының төлемі — электронды билетке ауысады. Содан кейін, жеңіл рельсті көлік пен жоғары жылдамдықты автобустар іске қосылады. Осылайша, алдағы уақытта, оңтүстік астананың ауасы тазарып, жолдары жаңармақ. Бастысы қоғамдық көлік бағыты баршаға тиімді болады. Отандық мамандар, бұл бастама бірнеше мәселені шешеді деп отыр. Ал Алматыға алғаш рет келген шетелдік сарапшылар, тұрғындарға велосипедпен көбірек жүруге кеңес береді.

«Менің ойымша, қала тұрғындарына қосдөңгелекті көлікпен жүруді көбірек жүруді ұсыну керек. Сондай-ақ, автотұрақтардың саны көбейту арқылы да көлік қозғалысын реттеуге болады. Біз Алматыға тұңғыш келдік, алған әсеріміз керемет», — деді сарапшы, Голландия Герт УРХАН.

Ал, келесі жылы «бәйтерек» холдингінің басқаруымен 350 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы тәмамдалады деп күтілуде. Сондай-ақ, жыл соңына аяқталғанша 50 мың шаршы метр ұзақ мерізімді жалға алуға кезекте тұрғандарға беріледі. Ең алдымен, бұл бағдарламаның көмегін мәдениет пен денсаулық және білім саласының қызметкерлері пайдалана алады. Ал қалада бой көтеріп жатқан құрылыстың сейсмо күшейту жұмыстары басты бақылауда тұр.

«Алматының сейсмо күшейту жұмыстары жоғары деңгейде қадағаланады екен. Мәселен, мен Жапон елінде де осы салада жұмыс атқардым. Салыстырмалы түрде айтсақ, Алматыдағы жасалған жағдай едәуір жоғары», — деді сарапшы, Франция Пьер-Мишель ДЕЛПЬЮШ.

Сондай-ақ, Алматының ауасы да күн құрғатпай жасарып келеді. Мәселен, экологияны ластайтын қара көмірмен жұмыс істейтін Жылу және жарық орталғының біреуі газға аусып үлгерді. Ендігі кезек, екінші –орталықта. Ал қаладағы көк түтіннің 80 пайызы көліктерден шығатынын ескерсек, бүгінде бұл мәселенің де шешімі табылған. Қазірдің өзінде барлық мунициапалды автобустар газбен жүруге көшті. Сондай-ақ, жеңіл көліктерге несие беруші компаниялардың көмегімен арнайы құрылғылар орнатуда.

 

 

 

Әйкерім Ердәулетқызы, Әл-Фараби Гусинцов, «Алматы» телеарнасы

По сообщению сайта Baq.kz