Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Samsung» компаниясы Алматыда орталықазиялық бизнес-саммит өткізді

Дата: 06 ноября 2014 в 11:13 Категория: Новости авто

«Samsung» компаниясы Алматыда орталықазиялық бизнес-саммит өткізді
5 қараша күні Алматыдағы Rixos қонақүйінде Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы ауқымды бизнес-саммит өткізді. Шараға Азияның 11 елінен мыңға тарта жоғары және орта басқарушы мемлекеттік құрылым өкілдері мен IT саласының мамандары қатысты.

Бұл бизнес-саммит «Samsung» компаниясының 45 жылдығына орай өткізілді. Және бүкіл Орталық Азия көлемінен компанияның мамандары мен өкілдері келіп қатысты. Саммит аясында күні бойы әр түрлі шаралар ұйымдастырылды. Ең алдымен, корпарация басшылығы және қонақтары қатысқан пленарлы отырыс өтті. Оған Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Сенаттағы өкілі Ғани Қасымов, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиева, Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының басшысы Сын Сик Цой, Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының департамент директоры Арман Нұрышев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркі директоры Әуелбек Тоғжанов және т.б. қатысып, компанияны мерейтойымен құттықтап, жаңа технологиялар жөнінде ой бөлісті.




















Өз кезегінде сөз сөйлеген Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының басшысы Сын Сик Цой бизнес-саммиттің маңыздылығы туралы былай деді: «Саммит форматының бір ерекшелігі қатысушылар теориялық білімін арттырып, мамандармен тәжірибе алмаса алады. Сонымен қатар, инновациялық мәселелердің шешімдері қарастырылады. Саммит қонақтары Samsung компаниясының жаңа өнімдерімен танысады. Мәселен, әр түрлі салада жұмыс істейтін мамандарға, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет, білім беру жүйесі, қауіпсіздік, қаржы саласы, орта және шағын кәсіпкерлік пен қонақүй қызметіне арналған өнімдер бар».




















Компанияның Қазақстандағы департамент директоры Арман Нұрышев, бұл шара барысында тау-кен өндірісінде басқа да табиғаты қолайсыз аймақтарда пайдаланылатын планшетті компьютерлердің таныстырылатынын айтты.

Пленарлы отырыстан кейін қатысушылар өз қалаулары бойынша бірнеше топқа бөлініп, мамандардың дәрісін тыңдап, презентацияларға қатысты. Презентациялардың басты бағыттары: қаржы, білім беру секторы, транспорт және энергетика, мемлекеттік сектор, IT инфрақұрылым, цифрлық технология төңірегінде өрбіді. Аталмыш салаларды дамыту мен инновацияландыру әдістері қарастырылды.

Ал, БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз хатшылығы қызық әрі тартымды өтті. Компания басшысы Сын Сик Цой мырзаға қазақ тілінде сөйлеу туралы ұсыныстар жасалды. Орыс тілінде кібіртіктеп сөйлеп отырған Цой мырза басын шұлғып, келіскеннен басқа ештеңе дей алмады. Сонымен қатар, мұндай орталықазиялық көлемдегі шараның неге біздің елде, Алматы қаласында өтіп отырғандығы сұр
алды. Оған басшылық «Алматы дамушы және орталықазиялық сектордағы қаржылық маңызы бар қала» деп жауап берді.

Шара соңында Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы «Казкоммерцбанк», «Қазақтелеком», «Алтел» секілді кәсіпорындар мен «Тұран» университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.




















Айта кетейік, Samsung Electronics Central Eurasia Қазақстанда 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Орталық Азия елдерімен бірге Кавказды қосқанда 9 мемлекетті бір орталыққа біріктірген ірі кәсіпорын.

По сообщению сайта Матрица.kz