Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қостанайлық прокурор оқушылардың қымбат ұялы телефон ұстауына шектеу қоюды ұсынды

Дата: 20 ноября 2014 в 16:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қостанайлық прокурор оқушылардың қымбат ұялы телефон ұстауына шектеу қоюды ұсынды

Қостанай қаласының прокуроры Әділхан Ерекешев оқушылардың мектепке қымбат ұялы телефон ұстап баруына шектеу қою керектігін айтты.


Бұл туралы Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінде білім ордаларында ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр. Полиция мен педагогтар ұжымы осылай деп дабыл қағуда. Алайда, ұялы телефон ұрлығын азайту үшін бір шешімге келу мүмкін болмай тұр.

Осы тақырыпқа орай өткен жедел жиында телефон ұрлығы қызу пікірталас тудырды. Полицейлер Ж. есімді оқушының 109 мың теңге тұратын ұялы телефоны жоғалғаны туралы айтқанда, залға жиналғандар шулай жөнелді.

Бүгінде заманауи смартфон, планшет және айфон бағалары 100 мың теңгеден асып жығылады. Ал ата-аналар балаларына қымбат телефон алып беруден бас тартар емес.

«Оқушылардың мектепте қымбат заттар ұстап келуіне әкімшілік тұрғыдан шектеу қою керек. Тіпті, мұндай бағалы телефондардың қажеті жоқ. Оқушының міндеті Интернетте көңіл көтеріп, әлеуметтік желілерде танысу немесе музыка тыңдау емес. Оқушының міндеті – білім алу», — деді қала прокуроры Әділхан Ерекешев.

Прокурордың айтуынша, ата-аналар балаларымен байланысып отыру үшін арзан телефон ұстатып қойса да жетіп жатыр.

Ал қалалық білім бөлімінің басшысы Василий Цимбалюк мұғалімдердің сабақ үстінде оқушылардан телефонын тартып алу әрекетінің сәтсіз аяқталғанын айтады.

«Сабақ үстінде оқушылар телефонға қатты алаңдайды. Алайда, мұғалімдер де бұл жерде шарасыз. Өйткені, телефонын алып қойған соң, ата-аналармен сөз таластыруға тура келді», — дейді білім бөлімінің басшысы.

Жиынға қатысушылар оқушылардың сабақ кезінде телефон ұстауына шектеу қою керектігін айтады.

По сообщению сайта Nur.kz