Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ЖЖК-2020 бағдарламасы бойынша 2015 жылы тірек ауылдардың дамуы жалғасын табады

Дата: 02 декабря 2014 в 09:53

ЖЖК-2020 бағдарламасы бойынша 2015 жылы тірек ауылдардың дамуы жалғасын табады
Қазақстанда соңғы үш жылда жұмыспен қамтылған халық санының арту үрдісі байқалуда. Статистика деректері бойынша жұмыспен қамтылған халықтың саны ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 8 650 адамды құрады, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 349 мыңға артты. Бұл жайлы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму департаменті директорының орынбасары Мергембаева Нарипа Сатымбековна әңгімелейді.

— Қазақстанның қандай аймақтарында жұмыс орындарының тапшылығы біршама байқалады? Қандай аймақта? Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қандай шаралар қолдануда?

— Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып өткен кезеңдегі еңбек нарығының жағдайына талдау жасай отырып, 2014-2018 жылдарға оның даму болжамын әзірледі.

Өткізілген болжамға сәйкес еңбек нарығының жағдайы және еңбек ресурстарының ұсыныстары мен сұраныс теңгерімділігі біршама аймақтық жіктелгенділігі байқалады. Жұмыс күшінің тапшылығын Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары көреді.

Мұнда жұмыс орындарының жетіспеушілік басымдылығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Астана және Алматы қалаларында деп болжанса, ал Атырау және Қызылорда облыстарында азырақ байқалады. Алайда, еңбек нарығын болжау алғаш рет өткізіліп отыр, және жетілдіруді қажет етеді, соның ішінде қызмет салалары, аймақтар мен экономика секторларында халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша толық деректер қорының болмауына да байланысты.

Жақында 5 жыл ішінде жаңа жұмыскерлер ағынының бәсеңдеуі байқалып отыр. Бұған қарамастан экономикалық даму қарқынында жұмыс күшінің ұсыныстары еңбек нарығындағы сұранысқа сандық сәйкестікте болады. Еңбек нарығынан ішкі резервтерді – жұмыссыздар мен ішінара жұмыспен қамтылғандарды шығару болжанып отыр.

Экономикалық жоспарлауда және еңбек нарығы жағдайында аймақтық өзгешеліктерде мемлекеттің халықты және еңбек ресурстарын мақсатқа сәйкес оңтайлы және экономикалық бөлуді талап етеді, соның ішінде ішкі көшіп-қонуды басқару негізінде. Еңбек ресурстары артық аймақтардан еңбек ресурстары жеткіліксіз аймақтарға ішкі ерікті көшіп-қонуды ынталандыру мақсатында Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы шеңберінде мынадай шараларды өткізу жоспарланып отыр, бұл – әлеуметтік пакетті ұсыну, қоныс аударушылар үшін кәсіпкерлікті дамытудың арнайы бағдарламасын іске асыру мақсатында микрокредит беру тәжірибесін кеңейту, мемлекеттің ресурстары жеткілікті аймақтарының жастары үшін солтүстік облыстардың оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін жатақхана бере отырып ұсыну.

— Тірек ауылдарды кешенді дамыту ұғымы нені білдіреді?

— Тірек ауылдарды кешенді дамыту мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыру есебінен жоғары және орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар ауылды елді мекендерде жұмыспен қамтуды мақсатқа сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған. Тірек ауылды елді мекендерді анықтау әдістемесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық өкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық өкілетті органдармен және Бағдарлама операторымен келісім бойынша тірек ауылды елді мекендердің тізімін анықтайды. Тірек ауылдар болып кешенді даму үшін экономикалық және еңбек әлеуеті бар ауылды елді мекендер табылады, мұнда мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен территорияларды дамыту бағдарламаларының шеңберінде басым жобалар жүзеге асырылады, не болмаса ғылыми технологиялардың, озық өндірістердің, ғылыми-білім беру, мәдени-тұрмыстық және қаржылық-делдалдық қызметтер орталығы, әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымның дамуын талап ететін орталықтар болып табылады.

— Пилотты режимде 2014 жылы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында тірек ауылдарды дамыту бойынша ұсынылған іс-шаралар анықталды. Нәтижелері қандай және анықтау қалай өтті?

— 2013 жылы жергілікті атқарушы органдар Тірек ауылдық елді мекендердің әдістемесіне сәйкес Бағдарлама операторы мен өңірлік даму жөніндегі орталық өкілетті органдардың келісімімен тірек ауылдық елді мекендердің тізімін анықтады. Ағымдағы жылдан бастап аймақтарға шыға отырып ұсынылған өңірлердің (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында) бес ауылдық елді мекенінде кешенді дамудың ағымдағы жағдайлары мен мүмкіндіктеріне талдау жасалды.

2014 жылы әрбір аймақ бойынша тірек ауылдарды дамытудың 3 шеберлік-жоспарын әзірлеу жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығында Қызылорда облысының Ақжарма ауылына шеберлік-жоспарын құру жөніндегі жұмыстар аяқталды, оның негізінде тірек ауылдарды кешенді дамытудың шеберлік жоспарын қалыптастыру әдіснамасы әзірленетін болады. 2014 жылдың соңына дейін әзірленген әдістеме бойынша басқа аймақтар үшін шеберлік-жоспарлары құрылатын болады. Тірек ауылдарды кешенді дамыту жөніндегі жұмыстар 2015 жылы жалғасады.

— Биыл Бағдарламаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Толығырақ айтып берсеңіз?

— Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру механизмдерін жетілдіру мақсатында 2014 жылы қазанда Бағдарламаға кредит беру практикасын кеңейтуге; азаматтардың көшіп-қонуы проблемаларын шешуге; әйелдерді, жастарды және мүгедектерді қолдауға қатысты бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Соның ішінде:

— республиканың облыс ішінде сияқты, басқа да аймақтарында көшіп-қону жөніндегі шешімдерді аймақтардың өздеріне қабылдау құқығы беріледі. Сондай-ақ, бекітілген тізімге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерилері басқа облысқа қоныс аударатын үміткерлер үшін қолданылмайды. Бұл шаралар бір аймақтардағы еңбек нарығының артықтығы мен басқа аймақтарда еңбек ресурстарының тапшылығына қатысты проблемаларды шұғыл түрде шешу мақсатында қарастырылған.

— әйелдерді қолдау мақсатында, республиканың бір өңірінен екінші өңіріне қоныс аударушылар үшін оқуға, материалдық көмекке және стипендияға, бала туу, бала күтіміне берілген демалысқа жұмсалған қаражатты қайтару жөқніндегі талаптар қайтарылмайды, егер де Кәсіби оқу бағдарламасының қатысушылары мерзімінен бұрын тоқтатпаса;

— жастарды қосымша қолдау мақсатында:
Жергілікті бюджет есебінен олардың мүмкіндіктеріне негізделе отырып атқарушы органдардың шешімімен жастар практикасының еңбегін төлеуді қосымша қаржыландыру қарастырылған;

Оқу аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде Бағдарламаға қатысу үшін басым құқықтарға ие (бұрын 1 жыл болатын);

— микрокредиттеуді жүргізу, микрокредиттерді алу мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында, егер олардың микрокредиттік (микроқаржыландыру) ұйымдарының талаптарын қанағаттандыратын кепілдікті қамтамасыз ете алмайтын халықтың мақсатты топтары, сонымен бірге ауылда кәсіпкерлікті дамытуға. Микрокредит беру мерзімі 3 жылға дейін мерзімді қамтиды, жалпы сомасы 500 мың теңгеге дейін және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% дейін;

— Бұрын берілген микрокредиттер мен шағын кредиттердің есебінен қарыз алушының қайтарған сомасын Бағдарлама шарттарына сәйкес қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін норма қарастырылған;

— мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында

Мүгедектер мен халықтың басқа ұтқыр тобы үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қатынауын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени нысандарға, инженерлік-көлік инфрақұрылымына күрделі, ағымдағы жөндеулерді жүргізуді қарастыру.

Материалды дайындаған Ботагоз ОМАРОВА

По сообщению сайта Матрица.kz