Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Айдос Сарым: Қайтсек ел боламыз?

Дата: 04 февраля 2015 в 22:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Айдос Сарым: Қайтсек ел боламыз?
Қазақ хандығының 550-жылдығын тойламақпыз. Құптарлық шаруа. Қай тұрғыдан алсақ та, сауапты дүние. Әруақ риза болмай, тірі байымайды. Барлығы дұрыс.

Алайда, тереңірек үңілетін болсақ, біздер бүгіннен бастап сонау алыстағы ұрпағымыз 650-жылдықты қалай тойлайды деген сұрақтарға да жауап іздеуіміз қажет. Кім тойлайды, қалай тойлайды, тойлайтын қазақ қала ма сірә? Осыған да миымызды қинауымыз керек.

Байқап отырсақ, бар болмысымыз өткенге қызмет, өтетіндерге қызмет. Арада өзімізді де ұмытып кетеміз. Жерге, елге деген сөздеріміз қандай керемет! Атамекен! Атажұрт! Ал бала, немере, шөбере, ұрпақ қайда? Оларға не қалдырмақпыз? Бүгінгі жемқорлығымызбен, тойымсыздығымызбен, жерге, табиғатқа, жерасты байлығына деген қатынасымызбен ертеңгі ұрпақтың қарғысына қалмаймыз ба?

Найзаның ұшымен, білектің күшімен осыншама жерді, осыншама байлықты алып қалған ата-бабаларымызға рахмет! Мың алғыс! Қашан да мақтанып, ауыз толтырып айтатын дүние. Ал біз немен мақтана аламыз? Іштік, жедік, шаштық, аспанға аттық, ЭКСПО өткіздік, олимпиадаға таластық дейміз бе?

Жаңғақ ағашы туралы сопылық әфсана бар еді. Ақсақ Темір бір ауылдың үстімен өтіп келе жатса, 90-нан асқан бір ақсақал ауласына жаңғақ ағашын егіп жатыр екен дейді. Әмір аттың басын бұрып, шалдың дарбазасына жақындап, қарқылдап күліп: «Әй қақбас! Шайтан болайын дедің бе? Мына ағаштың жемісін көрем дейсің бе?!» — деп келеке етіпті. Сонда шал: «Уа патшам! олар екті, біз жедік. Біздер ексек — олар жейді» деп, ұлы қолбасшыны райынан қайттырыпты.

Айтпағым мынау: сананы өзгерту қажет. Тарихи санамызды жаңғырту қажет. Біз тек құмсағаттың ортабеліміз. Санамыз ашық болса, құмсағатымыз тігінен тұрса, уақыт құмы емін-еркін бойымыздан өтіп отырады. Сол арқылы жаңа жауапкершілік пайда болады.

Біз, мықты болсақ, атамыз ер болды, батыр болды дегеннен гөрі, немерем ақын болады, шөберем ғалым болады, бай, бақуатты, салтанатты ғұмыр кешеді деп мақтануға тырысуымыз қажет. Мақтану аз, соған тыраштанып еңбек етуіміз керек. Шүкір, тәубе дегендер арманын сатып, амбициясын сындырып алып, молаға асықпай кетіп бара жатқандардың жалбағай пайымы.

Яғни тұрып жатқан еліміз тек қана «атамекен», «атажұрт» емес, Баластан, Немеремекен, Шөбережұртқа айналуы керек. Балажанды халық емеспіз бе? Санамыздың фокусын осы жаққа аударып көрсек қалай, ағайын?

Айдос Сарым, саясаттанушы

По сообщению сайта Матрица.kz