Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әйелдер жайлы статистика

Дата: 11 марта 2015 в 11:08

Әйелдер жайлы статистика

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында 731 мыңға жуық әйел тұрады, бұл ерлерге қарағанда 10 пайызға көп. Ұлдардан қарағанда қыздар дүниеге аз келіп, төрт жас шамасындағы 1000 қызға 1053 ұлдан келеді. Олардың санындағы айырмашылық 31-35 жас аралығында байқалады. Осы жастан бастап келесі жас шамаларына қарай әйелдер саны басым бола бастайды. Айтар болсақ, 36-40 жастағы 1000 еркекке 1054 әйелден, 41-45 жастағыларға 1095 әйелден келеді, ал 70 жастағы әйелдер саны еркектерден 68%-ға көп. Шығыс Қазақстанда әйелдердің өмір ұзақтығы ерлерге қарағанда 10,7 жылға жоғары болып 75 жасты құрайды.

Білім алу деңгейлерінде де гендерлік айырмашылықтар бар. Статистика департаментінң мәліметтері бойынша, әйелдердің білім деңгейі ерлерге қарағанда жоғары. Нәзік жанды өкілдердің әрбір сегізіншісі — жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімді, әрбір төртіншісі — арнаулы орта білімді. Еркектердің әрбір тоғызыншысының — жоғары және әрбір бесіншісінің арнаулы орта білімдері бар. Бүгінгі күні докторанттардың жалпы санындағы әйелдер үлесі 61%, магистранттар – 70%, ЖОО студенттері – 61%, колледж оқушылары 49%-ды құрайды.

Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігі төмен, өздерінің кәсіби, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру әйелдер үшін анағұрлым қиынырақ. Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі олардың декреттік демалысқа шығуымен, сәбилерінің ауыруына байланысты жұмыс орындарында болмауымен түсіндіріледі. Негізгі жұмысынан басқа, әйелдердің иығындағы жүкке үйдің ошағын ұстау мен жайлы жағдай жасау сияқты күнделікті қамқорлық та қосылады. 2014 жылғы алдын ала деректер бойынша облыста 12300 неке жұбы құрылса, оның 5 мыңы ажырасты. Некелік-отбасылық қатынастар туу деңгейіне тікелей әсер етеді. Өткен жыл ішінде 23900 сәбидің дүниеге келгені тіркелді, бұл 2013 жылдың деңгейінен 3,2 пайызға көп. Туғандардың 48 пайызы қыздар. 2004 жылдан бері облыста халықтың табиғи өсімі байқалады. Алдын-ала деректер бойынша 2014 жылы бұл көрсеткіш 9 мыңнан астам адамды құрады.

Асқар МЫҢБАЕВ

По сообщению сайта Arna Press