Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары маусым айында бірқатар тартымды спорттық іс-шараларды тікелей эфирден көрсетеді

Дата: 04 июня 2015 в 11:41 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары маусым айында бірқатар тартымды спорттық шараларды тікелей эфирден көрсететін болады.

Атап айтқанда, 12 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында EURO-2016 іріктеу матчына Қазақстан мен Түркияның Ұлттық құрамалары арасында кездесу өтеді. Бұл Қазақстан мен Түркияның осымен алтыншы кездесуі.

«Қазақстан» телеарнасы осы ойынды тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты — 21.40.

6 маусым күні Оңтүстік Африка Республикасының Кемптон Парк қаласында IBO тұжырымдамасы бойынша кәсіпқой бокстан орташа ауыр салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атағы үшін оңтүстікафрикалық Томас Устуизен мен жаңазеландиялық Роберт Берридж арасындағы жекпе-жек өтеді.

Аталмыш бокс кешінің аясында шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлері арасында 21 жасар қазақстандық Роман Жайлауов та бар. Ол өзінің кәсіпқой рингтегі 15-ші кездесуін оңтүстікафрикалық Луянда Жакоға қарсы өткізеді.

Сегіз раундтан тұратын рейтингтік бұл жекпе-жек Жайлауов үшін шеберлігін шыңдауға берілген тағы бір мүмкіндік. Бұған дейінгі өткізген 14 кездесудің 8-ін талантты қазақстандық нокаутпен аяқтаған болатын.

Роман Жайлауовтың Луянда Жакоға қарсы жекпе-жегін 6 маусымда «Kazsport» телеарнасы 23.30-да тікелей эфирде көрсетеді.

12-14 маусым күні «Kazsport телеарнасы волейболдан ұлттық құрамалар арасында өткізілетін жыл сайынғы дәстүрлі Әлемдік Лига ойындарынан көрсетілімдер сериясын бастайды. Биыл Қазақстан ерлер құрамасы Әлемдік лигаға алғаш рет қатысқалы отыр. Біздің жігіттер жарыс жолын үшінші дивизиондағы топтық кезеңнен бастамақ. Қарсыластарымыз — Египет, Венесуэла және Испания командалары.

Турнирдің бірінші кезеңі 12-14 маусым аралығы Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді.

Матчтар Астана уақыты бойынша 14.50 және 18.20 да басталады.

Екінші кезең 19-21 маусым аралығында Египет астанасы Каир қаласына жоспарланған. Әлемдік дивизионның Қазақстан құрамасы қатысатын барлық кездесулерін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлауда.

Әлемдік Лига — ерлер құрамалары арасында 1990 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін халықаралық ірі коммерциялық турнир. Бұл жылғы жарыстың финалдық кезеңі 18-19 шілде күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Читайте также