Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Апалы-сіңілі егіз қыздардың тағдыры туралы отбасылық драма

Дата: 01 июня 2016 в 13:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясы 100 сериялы «Айман-Шолпан» атты драманың түсірілім жұмыстарын бастады.

«Айман-Шолпан» хикаясы отбасылық қатынаспен байланысты екі қыздың тағдыры туралы баяндайды. Екі өмір, екі қаһарман, бірақ бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі мінез. Өмірдегі бір рет болған кездесу олардың өмірлерін түбегейлі өзгертеді. Трагедиясы мен драмасы араласқан оқиғаның адам нанғысыз сырлары ашылады.

Туыстық қатынас қаншалықты мықты? Өмірдің ащы шындығын өрімдей жас қыздар қалай қабылдайды? Тағдырдың жазғанына көнер ме?

Хикая актерлерін тек Қазақстан бойынша ғана емес, сондай-ақ Лондоннан, Татарстаннан, тіптен Барселонаның өзінен іздеді.

«Көркем фильм» кинокомпаниясының кастинг-директоры Аида Джанетованың айтуынша, өтінімдер көптеп келіп түсті. Соның ішінде бас рольдерге де. Тек қана апалы-сіңілі қыздардың ролін сомдауға келіп түскен өтінімдердің саны 73 болды. Бас ролді сомдау үшін бақ сынауға Барселонадан арнайы келген тұрғын да болды.

Көрермен отбасылық құндылықтар маңызы, қылмыстық оқиғалар мен драма сияқты өзекті де, өміршең тақырыптардың куәсі болады.

Хикая қысқа мерзім ішінде – 4 айда түсіріледі деп жоспарлануда. Түсірілімдер күн сайын қатарынан бірнеше локацияда, «Қазақфильм» киностудиясында және Алматы қаласы бойынша жүргізілуде. Түсірілім алаңдарында екі қоюшы режиссер қызмет атқарады.

Жобаның бас продюсері – Рустам Азаматов, сценарий авторлары – Рашид Сүлейменов, Альбина Ахметова және Светлана Петрейчук, қоюшы-режиссерлар – Айбек Дайырбеков пен Ержан Рүстембеков, қоюшы операторлар – Саят Жанғазинов пен Самат Шәріпов, басты рольдерде Салтанат Бақаева, Оразхан Кенебаев, Ұлан Нүсіпәлі, Зибагүл Карина, Өсіпхан Сейтімбет, Камалия Байтөлеуова.

По сообщению сайта Новости пресс-служб