Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанның балалар үйлері «Атлетико Мадрид» футбол клубына бару жолдамасы үшін бақ сынасады

Дата: 21 июня 2016 в 19:14 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін Қазақстанның көптеген балалар үйі мен мектеп-интернаттарының жас футболшылары үшін IV Қазақстандық «Армаңына жақында» атты футбол чемпионатының финалдық ойындары өз мәресін бастады. Ұйымдастырушылар қатарында жылдағы дәстүр бойынша «Бауыржан», қайырымдылық қоры, «Цеснабанк» АҚ, «Нұр Отан» партиясы, және Қазақстанның футбол федерациясы.

Турнирге республикамыздың түкпір-түкпірінен финалға шыққан 9 команда үздік чемпион атануға бақ сынасады. Осы жылғы ең басты сыйлық Испанияның Мадрид қаласындағы «Висенте Кальтерон» алаңына барып, «Атлетико Мадрид» футбол клубының Антуан Гризманн, Фернандо Торрес, Тьягу Мендеш сынды әлемге әйгілі футболшыларымен жүздесу мүмкіндігі.

Чемпионат – біздің қорымыздың ең жанымызға жақын жобамыз. Жылда бұл жарысқа Қазақстанның 300 жуық балалары қатысады. Үш жыл ішінде қатысушы жеткіншектер әлемнің үздік футбол клубтарына бару мүмкіндігі — орындалатын арман екеніне көз жеткізді. Армандарына деген ұмтылыс олардың бойларынан жеңуге деген сенімділікті арттырды. Жыл бойына бізге осы балалар чемпионатқа қатыссақ деген ниеттерін білдіріп, сүйікті футболшымызды жүзбе-жүз көрсек деген арманымыз бар деген хаттар жазады. Осыған орай дәл бүгін, «Цеснабанк» АҚ бірлесе, біз 2016 жылғы футбол чемпионатының финалының бастау алғаның жариялаймыз деп, «Бауыржан» қайырымдылық қорының мүшесі, жоба үйлестірушісі, Айнұра Сәлім өз сөзінде атап өтті.

Өз сөзінде, «Цеснабанк» АҚ алқасынан, аталмыш шараның балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін зор маңызы бар екенін, олардың спорттағы бастамаларына дем беретін чемпионаттың өткізілуі, болашақта балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, спортқа деген талпыныстарын жетілдіреді деп қосты.

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының бірінші торағасының орынбасары Жұлдыз Омарбекова, Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан біздің міндетіміз– оларға қамқор болу. Жас өрендердің асыл армандарының орындалуына барынша ат салысу, жарқын келешекке деген сенім ұялату. Біздің партия үшін, бұл жобаға ат салусу зор бақыт. «Бақытты балалық» жобасы аясында, біз төрт жыл бойы«Армаңына жақында» чемпионатын жүзеге асырып келеміз деп, топшылады.

Қазақстанның футбол федерациясының вице-президенті Сеильда Байшаков, Бұл балаларға олардың бастамаларында қол ұшын береді. Біздің осы жас футболшылар арасында өзіміздің Гризманымызда болатынына сенеміз –деді.

Бұл ең керемет жоба. Себебі, балалар осы күнді тағатсыздана күтеді. Әрине чемпионатқа дайындалу үлкен қажыр-қайрат пен еңбекті қажет етеді. Әйгілі футбол клубтарына жолдама бұл — балалар үшін ғана емес, белді теңбіл допшыларға да зор мүмкіндік деп Ақмола аблысының «Арыстан» командасының бапкері Сергей Гнусин.

Чемпионат аясында орталық стадионының қосымша алаңында Алматы қаласы мен облысымыздың балалар үйінен құралған командалары арасында финал ойындары өткізілді. 28 сәуір мен 20 мамыр аралығында Қазақстанның 8 аймағында финалға іріктеу ойындары өткізіліп, Алматы қаласында өтетін соңғы шешуші ойынға 9 команда анықталды. 2016 жылғы жетім балалар үшін басты сыйлық, Еуропаның ең үздік «Атлетико Мадрид» футбол клубына жолдама беріліп, Испанияның оң дүкін кубок иегерлерімен, екі дүркін Еуропа лигасының жеңімпаздарымен кездесуге мүмкіндік беріледі.

Бірінші ойын күнінің ашылуына түгел 9 команда қатысады: «Арыстан» (Астана), «АДД», (Ақтобе), «Ақ барыс» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Регион 10» (Қостанай), «Семей» (Семей), «Таңшолпан» (Қарағанды), «Тұлпар» (Тараз), «Үміт» (Өскемен). 

По сообщению сайта Новости пресс-служб