Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Алтын Жүрек» қайырымдылық аясындағы арнайы жүлдесіне 10 жыл

Дата: 04 августа 2016 в 08:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

3 тамыз Қазақстанда 10 жылсайынғы қоғамдық-ұлттық «Алтын Жүрек» жүлдесі үшін өтініштер қабылдау кезеңі бастау алды.

Бұл жайында бпспасөз конференциясында арнайы жүлдесі бойынша «Бауыржан» қайырымдылық қорының жобалар үйлестірушісі мәлім етті.Сондықтан оң жыл ішінде «Алтын Жүрек» жүлдесі арқылы, «Бауыржан» қайырымдылық қоры қазақстандықтардың игі істеріін бақылап, саралап келеді. Іріктеу кезеңдерін эксперттік және қоғамдық кеңес мүшелері тексеріп, үздік лауреаттарды анықтайды. Әділқазы алқасының арасында қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, кәсіпкерлер мен өзге де мамандық иелері бар. Атап өтсек, Алтын Жүрек» жүлдесінің лауреаттары қатарында опералық әнші Роза Бағланова, кәсіпкер-меценаттар Айдын Рахимбаев, Бауыржан Оспанов, отандық БАҚ қолдаушылары, 350 баланың анасы атанған Тұяқ Есқожина және басқалар осы күні еліміздегі қайырымдылық жолын жалғап, көптеген әлеуметтік жобалардың жаршысы болып келеді.

Айнұр Сәлімбаева:

— «Алтын Жүрек» — бұл жылсайынғы дәстүр ғана емес, ол қайырымдылық жолындағы 10 жыл тарихы бар тағлым. Жоба елімізде жаны жомарт жандардың барын, қиындықтарға әркез қол созуға әзір адамдардың әлі де болса әрекет ететіндерін дәлелдейді. Қайырымдылық дегеніміз не? Қайырымдылық — әр дамыған қоғамға тән жақсылықтың нышаны іспетті игі істер қатары. «Алтын Жүрек» бұл қоғамның мәселелеріне бей-жай қарамайтын жандарға айтылатын алғыс сияқты.

«Бауыржан» қайырымдылық қорының үйлестірушісі Гүлзат Сахованың мәлімдеуінше 2015 жылы 12 миллиард қаржыға қайырымдылық шаралары жүргізілді. Қайырымды адамдармен меценаттар арқасында 6 спорттық мектеп, 5 бала бақша салынды. 5 жалпы білім беретін мектептерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 арнайы мамандандырылған балалар үйлері қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылды. 800 ардагерге көмек көрсетіліп, 1000 жағдайлары төмен отбасыларына мектепке қажетті жабдықтары таратылды. Әлі де аты аталмаған игі істер қатары көп.

«Алтын Жүрек» жыл санап мәртебесі өсіп келеді. Себебі Қазақстандағы қайырымдылықты қолдайтындар саны көбеюде. 2007-жылы жалпы үміткерлер саны 70 аспаған, ал былтырғы жылы 150 ден астам үміткерлер қатысты. Биылғы 10 жылдықта Алтын жүрек статистика бойынша өз сапасын мен саны жағынан бізді таң қалдырады деп сенеміз, — деді «Бауыржан», қайырымдылық қорының үйлестірушісі Гүлзат Сахова.

Х мерейтойлы «Алтын Жүрек» жүлдесі қайырымды істер керуені атты қайырымдылық акциясын іске қоспақ. Акция аясында қайырымды жандармен 100 тұрғын үй алаңдарының салынуы жоспарлануда. Бұл шараны қоғам қайраткері,2015 жылдың «Алтын Жүрек» жүлдесінің лауреаты да қолдады. Өз алдына ол, ортақ іс қоғамға зор көмек әкеледі деп сенеді.

Мен бес баланың анасымын. Сенсеңіздер артылып бара жатқан қаржым да жоқ. Алайда қайырымдылық жасау үшін ақшаның маңызы аса жоғары емес. Қайырымдылық-жан-дүниеннің ашықтығы, өзгеге деген жаеашырлық деп білемін. Алтын жүрек-ақшалай жүлде емес. Бұл жерде сенің жомарттылығын мен зор ықыласын бағаланады деп өз сқзін Эльмира Алиева топшылады. Ұйымдастырушылардың сөзімен, қайырымдылық істер тек қаржылық көлеммен ғана шектелмейді, бұл жерде әр адамның жеке мүмкіндіктеріне де байланысты.

Мәселен, соңғы 2-3 жылда қайырымдылықпен айналысушылар қатары ерікті ұйымдардың ат салысумен жиі өткізіледі.

Қарапайым ерікті жандардың көмегі арқылы Қазақстанда соңғы 5 жылда, әлемдік рейтинг бойынша игі шаралар позициясы едәуір жоғарылады. Алайда, алға талпыну әркез үлкен мүмкіндіктерге саяды. Бәлкім, қайырымдылық жолында 50 елдің қатарында болуымыз да ғажап емес — деп қосты Айнұр Сәлімбаева.

Ұйымдастырушылардың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі — елімізде қайырымдылық пен меценаттықты дамыту. Жаны жомарт жандардың бір ортада жиналуына себепкер болу. Жүлде қайырымды іспен айналысатын коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғаларға табысталады.

Еске салсақ, «Алтын Жүрек» жүлдесіне үміткер майталмандар үшін өтініштер www.altynzhurek.kz. сайтында 3 тамыз басталып 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Осылайша, бір жыл бойы ұйымдастырушылар еліміз бойынша қайырымды іспен ұдайы айналысатын, атымтай жомарт тұлғаларды іздеп, осы заманның жанашырларының қатарын толықтырады.

Жылсайынғы Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» жүлдесі «Бауыржан» қайырымдылық қорымен 2007 жылы меценаттық пен қайырымдылық жолын насихаттау мақсатында өмірге келді. Жылына арнайы www.altynzhurek.kz сайтына 100-ден аса өтінімдер келіп түседі. Эксперттік және Қоғамдық кеңес, олардың қатарында қайырымдылық ұйымдардың жетекшілері, ҚР қоғамдық және мәдени қайраткерлері өтінімдердерді қарастырып, номинаттарды іріктейді. «Алтын Жүрек» жүлдесі 11 номинация бойынша тағайындалады: «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін»,«Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін», «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін», «Жыл меценаты», «Ақпараттық қолдаушы», «Жылдың қайырымды адамы»,« «Жыл ұйымы»», «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін», «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін».

Ұйымдастырушылар қайырымдылық жасауды, қиналғанға қол ұшын созғанды, көмекке мұқтаж жандарға демеу бергенді өзіне парыз деп білген жандарды іздейді. Қоғамның әр саласындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауды ешкімнің ықпалынсыз-ақ міндетке айналдырған мекемелер, ұйымдар мен жеке тұлғалардың еңбегін елеп-екшеп, бағасын беру, халық атынан алғыс айту аталған сыйлық аясында көрініс таппақ. X Ұлттық Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығына қатысу үшін өтініш үлгісін www.altynzhurek.kz, www.baurzhan.kz сайтынан,сонымен қатар gulzat.sakhova@baurzhan.kz, info@altynzhurek.kz электронды пошталарына хат жазу арқылы алуға болады.

Құжаттар 1 данамен 050057, Алматы қаласы, Тимирязев к, 71 үй, 3 кеңсе мекен-жайына поштамен немесе жеке жеткізіледі. Сондай-ақ жоғарыда аталған электронды поштаға жіберуге болады. Толық ақпаратты 8(727) 315-15-11, 274-57-49, 8 707 437 16 01 телефондарына хабарласу арқылы біле аласыздар.

Осылайша, бір жыл бойы ұйымдастырушылар еліміз бойынша қайырымды іспен ұдайы айналысатын, атымтай жомарт тұлғаларды іздеп, осы заманның жанашырларының қатарын толықтырады. Үздік деп танылғандарға «Алтын Жүрек» марапаты 27 қазан Алматы қаласында, мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында салтанатты түрде табысталады.

 

По сообщению сайта Новости пресс-служб