Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

KAZ MINERALS 2016 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

Дата: 19 августа 2016 в 13:17 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

KAZ Minerals Тобы 2016 жылдың алғашқы алты айының ішіндегі өндірістік қызметтің қорытындылары мен қаржылық нәтижелерді жариялады.

Өндіріс қорытындылары

Осыдан бұрын хабарланғандай, бірінші жарты жылда KAZ Minerals катодты экиваленттегі 52,6 мың тонна мысты өндіріп шығарды, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, өндіріс көлемі 43% артты. Шығыс аймақтың кәсіпорындары мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК қосқан үлесі катодты эквиваленттегі 39,4 мың тоннаға, Павлодар облысында орналасқан Бозшакөл КБК — 7,8 мың тоннаға, ШҚО-дағы Ақтоғай КБК – 5,4 мың тоннаға тең. Мыс өндірісі Бозшакөлдің өз жобалық қуатына толық шығуына қарай жылдың екінші жартысында өсімін арттыруды жалғастырады. 2016 жылдың соңына қарай компания катодты эквиваленттегі 135-145 мың тонна диапазонына қол жеткізуді межелеп отыр (2015 жылы Топ 81,1 мың тонна өндірді).

Компания өндіріп шығарған кеннің көлемі 22,1 млн тоннаны құрап отыр (2015 жылдың бірінші жартысында – 2,5 млн тонна).

2016 жылдың ақпанында компания Бозшакөлде мыс концентратын өндіре бастады. Ақтоғайдағы тотыққан кенді өңдеу кешені 2016 жылдың 1 шілдесінде коммерциялық өндіріске шықты.

Алғашқы алты айдың ішінде KAZ Minerals 39,6 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді. Өндірістің жылдық жоспары – 70-75 мың тонна. Құйма эквивалентіндегі күміс өндірісінің көлемі – 1,43 млн унция. Жылдық диапазон 2,5-2,75 млн унцияға дейін ұлғайтылды. Компания құйма эквивалентіндегі алтын өндірісінде елеулі өсімге қол жеткізді – 39,1 мың унция. Өткен жылдың бірінші жарты жылында 16,1 мың унция еді. 2016 жылы алтын өндірісінің жоспарлы көлемі – 95-115 мың унция.

Қаржылық нәтижелер

2016 жылдың бірінші жартысында KAZ Minerals Тобы 45,5 мың тонна катодты мыс пен 8,7 мың тонна катодты экиваленттегі концентраттағы мысты өткізді. Ілеспе өнімдердің сату көлемі: 39,3 мың тонна концентраттағы мырыш, құйма эквивалентіндегі 39,1 мың унция алтын және құйма экивалентіндегі 1,38 млн унция күміс.

Топтың EBITDA көрсеткіші 2016 жылдың бірінші жартысында $115 млн (2015 жылдың бірінші жартысында $88 млн) құрады. Жалпы EBITDA өткен жылдағы $94 млн салыстырғанда, $147 млн тең болып отыр. Мұнда өркендеу жобаларының, яғни Бозшакөл ($28 млн) мен Ақтоғайдың ($4 млн) капиталдандырылған үлесі қосылған.

Операциялы табысы $68 млн құрап отыр, яғни, өткен жылғыдан $53 млн артық.

Шығыс аймақ пен Бозымшақтағы мыс өндірісінің таза ақшалай өзіндік құны фунтына 72 АҚШ центын құрады (2015 жылдың бірінші жартысында – фунтына 121 АҚШ центі). Жалпы ақшалай өзіндік құн фунтына 178 АҚШ центына дейін төмендеді. 2015 жылдың бірінші жартысында фунтына 270 АҚШ цент болған. Бұл көрсеткішке ұлттық валюта бағамының төмендеуі мен шығындарды бақылау әсер етті. Топ бойынша жалпы 2016 жылға жоспарланып отырған таза ақшалай өзіндік құны фунтына 10 АҚШ центына төмендеген және фунтына 190-210 АҚШ центын құрап отыр.

2016 жылдың 30 маусымында Топтың таза берешегі $2,531 млрд құраған, жиынтық өтімді қаражаттардың көлемі $1,056 млрд. тең.

Өндірісті қолдауға жұмсалатын капиталдық шығындар бірінші жартыжылдықта $22 млн. мөлшеріндегі сомамен ғана шектелген болды. Шығыс аймақтағы кәсіпорындар мен Бозымшақтағы өндірісті қолдауға арналған күрделі шығындардың жоспарлы көлемі $10 млн төмендеп, $60-70 млн құрап отыр.

KAZ Minerals 2016 жылғы өндірісті кеңейтуге арналған барлық капиталдық шығындар шамамен $525 млн құрайды: $270 млн Бозшакөлдің құрылысын аяқтауға, $230 млн – Ақтоғай жобасына (2016 жылдың бюджеті $50 млн азайтылды), $20 млн – Шығыс аймаққа және $5 млн – Алматы облысындағы, бүгінде тұжырымдамалық зерттеу сатысында тұрған Көксай мыс кен орнына жұмсалады.

Бозшакөл

Екінші тоқсанда іске қосу-баптау жұмыстарына байланысты Бозшакөл КБК өнімділігі шектеулі болды. Қазіргі уақыта негізгі кен байыту фабрикасының өткізу қабілеті 60% астам көрсеткішті құрап отыр. Өндіріс арта бермек, және екінші жартыжылдықта Бозшакөлде коммерциялық өндіріс сатысына қол жеткізу күтілуде. 2016 жылдың соңына қарай Бозшакөлде 45-65 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс және 50-70 мың унция құйма эквивалентіндегі алтын өндіріп шығару жоспарланып отыр.

Каолин балшығы бар кенді өңдеу жөніндегі кен байыту фабрикасының іске қосылуы 2016 жылдың екінші жартысына болжанып отыр.

Бозшакөлдегі өндірістің жалпы ақшалай өзіндік құны фунтына 140-160 АҚШ центы диапазонында болады.

Кен орнының пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам уақыт. Бастапқы он жыл ішінде Бозшакөл жылына 100 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс пен жылына 120 мың унция көлемінде алтын өндіреді.

Ақтоғай

Тотыққан кенді өңдеу жөніндегі кешен 2015 жылдың желтоқсан айында катодты мыс өндіруге кірісті. 2016 жылдың бірінші жартысында Ақтоғай өндіріс көлемін тұрақты арттырып келді.

Шілде айының ішінде кешеннің өнімділігі орта есеппен тәулігіне 61 тонна катодты мысты құрап отыр, алайда қыс мезгілінде өткізу қабілеті төменгі температура салдарынан азырақ болуы болуы мүмкін. Жалпы алғанда, жыл соңына қарай Ақтоғайда, бұрыннан жоспарланғандай, 15 мың тонна катодты мыс өндіріп шығару жоспарлануда.

Шілде айында KAZ Minerals Тобы Бозшакөл құрылысы кезеңінде жинақталған тәжірибенің арқасында Ақтоғай жобасының бюджеті төмендегені және жергілікті мердігерлер жұмыстарының доллармен есептегендегі құны кемігені жайлы хабарлаған болатын. Күрделі шығындардың көлемі $100 млн кеміп, $2,2 млрд жеткен.

Сульфидті кен өңдеу жөніндегі Ақтоғай кен байыту фабрикасының құрылысын аяқтау 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланды. Осыдан соң, бірінші жартыжылдағыдай, онда кен өңдеу ісі басталмақ.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Бірінші жартыжылдықта компания өсу қарқыны жоғары болатын төмен шығынды өндірушіге айналу сияқты өзінің стратегиялық мақсатына жақындап келеді. Біз мыс өндірісін 43% арттырдық. Оның ішінде Бозшакөл мен Ақтоғайдың үлестері бар. Біз өзіміздің операциялық шығындарымызды анағұрлым қысқартуға қол жеткіздік. Шығыс аймақтағы және Бозымшақтағы өндірістің жалпы ақшалай өзіндік құнның 34%-ға азаюы, шикізат тауарларына деген бағалардың төмендегініне қарамастан, EBITDA көрсеткішіне жақсы ықпал етті. KAZ Minerals өсу қарқындары жылдың екінші жартысында да Бозшакөлдегі өндірістің артуына қарай, сондай-ақ 2017 жылдың бірінші жартысында сульфидті кенді өңдеу жөніндегі Ақтоғай кен байыту фабрикасының іске қосылуына қарай үдей түсетін болады».

По сообщению сайта Новости пресс-служб