Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің рөлі мен маңыздылығы туралы дөңгелек үстел өткізді

Дата: 04 ноября 2016 в 08:37 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақмола облысының судьялар корпусы «Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңыздылығы» тақырыбында қоғам белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесу дөңгелек үстел басында өтіп, оған облыс судьялары, прокуратура, әкімдік, Аумақтық кәсіпкерлер палатасы, адвокаттар, Қазақстан заңгерлер Одағы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, медиация Орталығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бір жыл бұрын, яғни 2015 жылдың 31 қазанында, Елбасымен Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне қол қойылып, қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан кодекс күшіне енді.

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.Бердіғұлова өз сөзінде Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмалары жаңа Кодексте өз орнын тапқандығын атап өтті. «Кодексте азаматтардың бұзылған құқықтарын сотта қысқартылған тәртіпте шешуге мүмкіндік беретін бірқатар жаңашылдықтары бар» — деді Ж.Бердіғұлова.

2016 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы соттарының жұмысында жаңа АПК-ні қолданумен азаматтық істерді қарауда, бірқатар оң нәтижелерді атап өтуге болады. Олар: істің барлық сатыларда қаралу мерзімі үш айға дейін қысқартылды, облыс соттарымен қысқартылған тәртіпте қаралған азаматтық істердің саны 2015 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2308 іске, сот бұйрығын шығарумен 2769 іске артты, барлық істер процестік мерзімі бұзылмай қаралды, 98,5 % облыстың азаматтық істер бойынша барлық сот шешімдері заңды болып танылды, дауларды қараудың баламалы түрлерін қолданумен қаралған азаматтық істердің саны артты.

Облыстық соттың судьясы Р.Ертаева «Татуласу рәсімдері» тақырыбында сөз сөйлей отырып, облыс соттарымен татуласу келісімімен 275 азаматтық іс қаралып, 175 іс — медиатордың қатысуымен, 3 іс -партисипативті рәсім тәртібінде қаралды, яғни азаматтық даулар бойынша жүздеген адамның татуласқандығын көрсетеді — деді.

Дөңгелек үстелде облыстық сот судьясы С.Қияшева оңайлатылған іс жүргізу, судья А.Шойынбекова апелляциялық және кассациялық сатыларда сот актілерді қарау тәртібі, Ақмола облысы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Ж.Туралинов прокурордың істерге қатысу сапасы туралы, Аумақтық кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары В.Геращенко АПК-тің және Кәсіпкерлік кодекстің әрекеттестігі туралы, адвокат Д.Жақсыбекова өңірде партисипативтік рәсімді дамыту туралы сөз сөйледі.

Іс-шарада «Ақмола облысы бойынша медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің директоры А.Әміржанов талқылауға белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел басында татуласу рәсімдерін одан әрі дамыту, соттарда мемлекет мүддесін қорғауда прокурордың және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуы, шағын бизнес пен басқа да субъектілердің құқығын қорғау сұрақтары талқыланды.

Кездесуге қатысушылар Ақмола облыстық соты іс-шараны ұйымдастырып, дөңгелек үстел отырысына қатыстырғандарына және пікірлесу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді, заңнама нормалары мен қолдану сұрақтарының тәжірибесін түсіндіру бойынша бірлескен кездесулерді өткізуге ниет білдірді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Көкшетау қалалық соты судьяларының медиаторлармен атқарған белсенді жұмысын атап өтіп, партисипативті рәсімді қолдану бойынша Атбасар ауданы адвокаттарының оң тәжірибесін үлгі ретінде қолдануға ұсыныс жасады.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Новости пресс-служб