Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Туған өлкем, Шырайлы Шым Қала

Дата: 14 ноября 2016 в 18:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Туған өлкем, Шырайлы Шым Қала
Мен, Түгелбай Әлия 2002 жылы 05 мамырда Шымкент қаласындағы №5 перзентханасында дүниеге келгенмін, демек менің кіндік қаным тамып,дүниенің есігін осы Шым қалада ашқандықтан туған жерім, туған өлкем осы оңтүстік өңірі, мен алтын бесігімді қадір тұтам, мақтанам. Әркімге өз туған жері ыстық, Шымкент қаласында дүниеге келгенімді мақтан тұтпасам, өкінген емеспін. Себебі оңтүстік өңірі жасыл,сулы да жылы..., тізбектеп тере берсең мақтанатын қасиеттері өте көп,қазба байлықтарға да,имандылыққа да толы дала...

Туған жерім, Шырайлы Шым қалам туралы жан-жүрегімді жарып шыққан ой-сезімімді ақ қағазға түсірерде,бала жүрегім лүпілдеп,үлкен бір сезімге бөленгендей болдым...

Жалпылама отаным, елім — Қазақстан. Отан деген сөздің өзі керемет ұғым. Осы бір сөз жаныңа жақын,жүрегің ыстық...Мына бір көрініске көз жіберіп қараңызшы... Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі,аппақ қармен көмкерілген,қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шашылып,көкжиекке кеудесін тіреген асқар,алып шыңдар,тау төсін тауысша түрлендірген,сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар,сыңғырлай аққан бұлақтар,әсем әнімен жаныңды тербететін самал жел менің туған жерім,алтын бесік Отаным. Осындай сұлу да көркем ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келген мен бақыттымын!

Мен 12 жасқа толғаннан соң бір жұмадан соң Ресей, Белорус елдерінің қалаларына жарысқа барғанмын. Ол елдер де көз тартарлықтай,табиғаты әсем.Адамдары да кеңпейіл жандар екен. Бірақ сол аз ғана уақыт ішінде туған жерімнен алыста болғанда,өзімнің елімді,бауырмал қандастарымды, ата-ана,бауырларыммен достарымды,бәрін де сағынып үлгердім.

Кейде маған туған жеріңнен алыстағанда ғана оңайлықпен қол жетпеген отанның қадірін түсінетіндейсің.Тап бір өзге елде жүрсең патриоттық сезім оянардай... Тіпті осы қатысқан жарыстарымнан озып шығуға Отаным шабыт пен сенімділік бергендей. Қазақ халқының,маған сенген ата-ана, ұстаздарымның үмітін ақтау,отанымның атын шығару бірден-бір себеп болғандай.

Міне енді осы бәйгеде де оза шығып,отаным жайлы толғана жазуыма да басты себептер осылар! Отаныма оралғанда оның әрбір бұрышын,жұтып жүрген ауасын,мөлдір тұнық суын,бәрін-бәрін қатты сағынғанымды сездім... Туып-өскен жерімде жүргенімде өз қаламның көрікті екенін,жайма шуақты табиғатын байқамаппын.Ал,енді Отанға деген махаббатым бұрынғыдан да арта түсті. Мен өзімнің кіндік қаным тамған жерім,қаншама бақытты күндер өткізген елімді сүйемін,қадір тұтамын!

Мен үшін ең киелі жер,жер жәннатты ол біз тұратын егеменді Қазақстан! Сіздерге айтарым туған жердің қадіріне жете білейік,отанымызды шын сүйейік!

Отаным менің Қазақстан
Қазақстан,халқым менің қазағым,
Саған арнап өлеңімді жазамын.

Кең далаңда мына жатқан байлыққа,
Әуестене, қызыға мен қарадым.
Құсың ұшар көк аспанмен таласа,
Тауларыңа сенің зәулім көз жетпейді қараса.

Достық пенен татулықты қалайтұғын халқым бар,
Табылады бойымыздан намыс пенен жігер-ар.
Мақтанамын туғаныма бейбіт сүйген бұл елде
Сия жетпес болсам егер бар сезімді ақтарар.

Қазақ елі гүлдей берсін, дамысын,
Жылдан-жылға көтерілсін табысың.
Қазақстан,көтерілсін көк туың
Біз жастар да, тырысамыз сен үшін!


Шымкент қаласы №19 ЖОМ мектеп оқушысы Тугелбай Әлия




«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауы




По сообщению сайта Матрица.kz