Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе — гүл қала

Дата: 23 мая 2017 в 20:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе — гүл қала

Биыл мамыр айынан бастап Ақтөбе қаласында көгалдандыру жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес биылғы жылы қала бойынша 42 мың шаршы метрге гүл егілмек.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының меңгерушісі Хасен Юсуповтың айтуынша, биыл өткен жылмен салыстырғанда гүл егу алаңы 3,5 мың шаршы метрге көбейген. Гүл егу жұмыстары маусым айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады.

— Биылғы жылы мамыр айындағы мерекелерге орай гүл егу жұмыстары Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштер мен мемориалдар маңына жүргізілді. Сондай-ақ ауа райының қолайлы болуына байланысты облыс орталығындағы саябақ, гүлзар, скверлерге де гүл егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарға 260 миллион теңге қаржы қарастырылды. Сондай-ақ биылғы жылы шырайгүлден басқа изен, лаванда, қызғалдақтар да егіледі, — дейді Х.Юсупов.

Оның айтуынша, көктемде егілген қызғалдақтардың орнына жаз айларында басқа жазғы гүлдер егіледі. Сондай-ақ Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова, Абай даңғылдарындағы гүлзарларды көгалдандыру жұмыстары кейінге қалдырылған.

Айта кету керек, биыл қала бойынша көгалдандыру жұмыстарын «Табыс Ақтөбе» ЖШС мен 4 қосалқы мердігер ұйым жүргізеді.

Данагүл ҚАЗИХАН.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті