Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бердібек САПАРБАЕВ: Билік пен халық бірігіп жұмыс істемей, ешқандай нәтиже болмайды

Дата: 09 июня 2017 в 02:22

Бердібек САПАРБАЕВ:  Билік пен халық бірігіп жұмыс істемей, ешқандай нәтиже болмайды

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс бабымен Темір ауданына барды. Ауданның Шығырлы, Ақсай, Шұбарқұдық ауылдарын аралап, әлеуметтік мекемелердің жұмысын көрді, тұрғындармен кездесті.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰЛАҒАН КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ

Облыс басшысы Богословка-Шұбарқұдық тасжолы арқылы облыс орталығынан 125 шақырым жердегі Шығырлы ауылына барды. Жолай Алға ауданы Сарықобда ауылының кіреберісіндегі құлаған көпірді көрді. Көпірді қайта салып жатқан мекеме өкілдерімен тілдесіп, қыс түскенше  салып бітіруді тапсырды.

Шығырлы ауылында облыс әкімі Ә.Молдағұлова атындағы негізгі мектептің жұмысымен танысты. Бұдан соң ауылдық клубқа жиналған  тұрғындармен кездесті.

— Ауылдың тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтерді аудан, ауыл әкімдері үнемі маған хабарлап отырады. Сіздердің жағдайларыңызбен жақсы таныспын. Қазір ел іші тыныш, халықтың тұрмысы тәуір. Еңбек еткен адамға мемлекет қашанда қолдау көрсетіп отыр. Шығырлы ауылының табиғаты мал өсіріп, егін егуге өте қолайлы. Өкінішке қарай, жолда жайылып жүрген мал көрмедім. Ал ауылдағы негізгі тіршілік көзі — мал өсіру. Тұрғындар мал басын көбейтуі керек, — деген аймақ басшысы ауылдағы шаруа қожалықтары кооперативке біріккенде ғана істің алға басатынын айтты. Егер шағын шаруашылықтар басын қосса, олардың жұмысы ілгерілей түспек, техниканы бірігіп пайдаланады әрі  несие алуға да мүмкіндік туады. Кепілдік мәселесі де шешіледі. Жиында шаруа қожалықтарының басшыларына бірқатар ескертпелер берілді. Оның ішінде егін егуде тұқымға мән беру, жердің құнарын сақтау мәселелері ортаға салынды. Сондай-ақ ауылдағы ауызсу, көгілдір отын,  ұялы байланыс, мектеп салу  проблемалары да сөз болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Ауылдағы негізгі мәселе — әлеуметтік мекемелердің жағдайы. Мектеп ескі, көптен жөндеу көрмеген. Барлығы 44  бала оқиды. Алайда 450 тұрғыны бар ауылға жаңа білім ордасын салу, әзірге мүмкін емес. Себебі барлығы халықтың санына байланысты. Сондықтан ескі мектепке биыл жөндеу жұмыстары жүреді. Бұл үшін 32 миллион теңге қаралған.

Жалпы биыл облыс бойынша 23 білім ордасының құрылысы басталса, оның 11 — і осы жылы іске қосылады. Сонымен қатар 29 елді мекенге медпункт салынады. Ал сіздердің ауылдарыңызға жаңа медпункт салу тағы да халықтың санына байланысты. Ауызсу, көгілдір отын мәселесі де осындай. Себебі ең бірінші кезекте, ауызсу да, көгілдір отын да тұрғындар саны көп ауылдарға тартылады. Егер Шығырлыда халық саны артса,  барлығы шешімін табады, — деді Бердібек Сапарбаев.

Ұялы байланыс бойынша да өңір басшысы мәселенің тағы халық санына тірелетінін, алайда қазіргі заманда  байланыссыз отыруға болмайтынын, бұл шаруаның  шешу жолы қарастырылатынын айтты.

Шығырлыдағы тағы бір проблема — облыс орталығына барар жолдың нашарлығы. Жолдың сапасыздығы  тек қана Темір ауданы емес, Алға ауданының тұрғындары үшін де оңай тимей отыр.

—  Жолдың жайын жақсы білемін. Салынып жатқан жаңа жолдың құрылысы жалғасады. Мәселені тезірек шешу жолдары қарастырылып жатыр. Ал Ақтөбе қаласына барар жолдағы құлаған көпірдің құрылысы қыс басталмай тұрып аяқталады. Жаңа жолда арнайы қарап, тапсырма беріп кеттім, — деді өңір басшысы.

Жиын соңында жұртшылық халықтың жағдайын көруге келген облыс әкіміне алғысын айтып, шығарып салды.

 

СУБСИДИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Облыс басшысының сапары Шығырлыдан 35 шақырым жердегі Ақсай ауылында жалғасты.

Ақсайда мыңға жуық тұрғын мекен етеді. Былтыр ауылға жаңадан су құбыры тартылған. Су құбырының жұмысын көрген облыс әкімі құрылысты жүргізген «ӘлиханОйл-3» ЖШС-ның директоры Зұлқожа Ізімұлына бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ  Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшаны аралап көрді.  Күрделі жөндеуден өткен білім ордасының айналасына биыл тал-теректен бөлек, алма ағашы да егіліпті. Оларды суарып, баптауды оқушылар өз мойындарына алған. Сондай-ақ мектептің  ауласына балалар үшін қызанақ, қияр секілді көкөніс түрлері егілген.

Ауылдың Мәдениет үйінде Бердібек Сапарбаев ақсайлықтармен  кездесті. Басқосуда көгілдір отын, жол мәселелерінен бөлек, өңір басшысы  ел ішіндегі діни ахуалды да айтып өтті. Екпе алмаған балалардың жағдайына тоқталды. Ақсайда екі баланың ата-анасы екпеден бас тартқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кездесуде тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Мұғалжар ауданы Екпе ауылындағы «Тәй-тәй» шаруа қожалығының басшысы Мақсат Балғазин 2015 жылы «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы берілетін субсидияны әлі күнге дейін ала алмай жүргенін, бұл тек Мұғалжар емес, Темір ауданы шаруаларының да басындағы жағдай екенін айтты.

— Бұл мәселе тек қана біздің өңірде емес, еліміздің барлық аймақтарында бар. Субсидияның шешілуі ауыл шаруашылығы министрлігіне байланысты болып отыр.  Біздің облыс шаруалары  400 миллион теңге алуы керек. Жағдайды жоғарыдағы тиісті орындарға жеткіздік, мәселе жақын арада шешіледі, — деді Бердібек Сапарбаев.

Ал ақсақалдар соңғы жылдары тұрмыстарының жақсарғанын, халық санының көбейіп келе жатқанын айтып, басшылыққа ризашылықтарын білдірді.

 

ЖАТ АҒЫМҒА ҚАРСЫ ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУ КЕРЕК

Шұбарқұдықта  облыс әкімі алдымен «Әділ» шаруа қожалығының жұмысын көрді. Қожалық басшысы Ертай Тәжмағанбетов биыл 10 гектар жерге көкөніс егіпті.

— Былтыр жеті  гектар жерге тұқым салдым. Суды Шилі өзенінен сорғы арқылы  тартып отырмын. Бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ. Ал өзім мектепте денешынықтыру пәнінен сабақ беремін. Үш айғы каникулда ғана қожалық жұмысын қолға алам. Бос жүргім келмейді, — деп ағынан жарылған Ертай шаруаның жай-жапсарын тәпіштеп түсіндіріп берді. Жас жігіттің еңбекқорлығына риза болған облыс әкімі кәсібінің өрлеуіне тілектестігін білдірді.

Шұбарқұдықтың басында Бердібек Сапарбаев «Қызылжар» шағын ауданында салынып жатқан коммуналдық-арендалық тұрғын үй мен автомобиль жолының құрылысымен танысты. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған  екі жоба биыл аяқталады.  Сондай-ақ аймақ басшысы  «Ардақ» супермаркетіне барды. Сауда орнын аралап, азық-түлік бағасын көрді. Ауылдың су желілерінің де жұмысымен танысты. Аудан әкімдігінде ауыл тұрғындары және ақсақалдармен кездесті. Ауданның әлеуметтік жағдайын айтып, мемлекеттік бағдарламалар, шағын және орта  бизнес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуы, мал санын көбейту, егістік жердің көлемін ұлғайту мәселелеріне тоқталды. Облыс басшысы теріс ағымда жүрген азаматтармен жұмысты күшейту керектігін ескертті. Екпе алмаған ата-аналарға да түсіндіру жұмыстары жүруі тиіс. Қазіргі күні Шұбарқұдықта 310 бала екпе алмаған. Сондай-ақ ауылда құрт ауруы мен онкологиялық аурулардың көрсеткіші өскен. Бұл мәселелердің себебі анықталуы тиіс. Биыл шілде айынан бастап кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлейді. Ертеңгі күні абдырап қалмас үшін бұл жүйеден ауыл кәсіпкерлері де  хабардар болуы керек. Осы және өзге де мәселелерге тоқталған облыс басшысы қыз балалардың мектепке қара киіммен баруына қатысты ойын айтты.

— Егер дамыған мемлекеттердің қатарына енеміз десек, балалардың бұлай киінуіне жол бермеуіміз керек. Жалпы жат ағымға қарсы тек билік емес,  қоғам болып күресуіміз қажет. Теріс ағымда жүргендер өзге жақтан келген жоқ. Олар — осы ауылдың тұрғындары, сіздердің туыстарыңыз. Сондықтан осы мәселеге үлкендер бейжай қарамауы керек. Егер бүгін бірігіп жұмыс жасамасақ, ертең кеш болады,  — деді облыс басшысы.

Кездесуде тұрғындар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылды. Бірі ауданда денешынықтыру-сауықтыру орталығы салынса деген ұсыныс айтса, бірі аурухананың ескілігін сөз етті.

Сондай-ақ  Бердібек Машбекұлы кейбір ақсақалдардың  «билік ұйықтап отыр» деген пікіріне қатысты  жауап берді.

— Билік пен халық бірігіп жұмыс істемей, ешуақытта нәтиже болмайды. Бәрін билікке тіреп қою дұрыс емес. Бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Сын айту, арыз айту оңай. Ал елдің мақсатына жұмыс істеу әркімнің қолынан келмейді. Егер Үкімет ұйықтаса, елдің жағдайы осындай болмас та еді. Қараңыздар, 25 жыл бұрын халықтың жағдайы қандай болды, қазір қандай? Осының  барлығы Үкіметтің ұйықтамай, жұмыс істегенінің арқасы, — деген облыс басшысы ақсақалдарды ауызбіршілікке шақырды.

Сондай-ақ жиында аудан әкімі Асқар Жүсібалиев соңғы төрт айдың есебін берді.

 

ЖЕТІ БАЛАНЫҢ АНАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

Темір ауданы әкімдігі мен кәсіпкерлері су тасқынынан зардап шеккен жеті баланың анасы Мейрамгүл Дәрментаеваға екі бөлмелі үй алып берді. Ақтөбенің Тұрғындар қалашығы ауданында орналасқан пәтердің сертификатын Мейрамгүлге облыс басшысы табыс етті.

—  Біздің қуанышымыз да, қиыншылықтарымыз да ортақ болуы керек. Ақтөбедегі тасқыннан зардап шеккендерге көмек қолын созу жөнінде аудан әкімдеріне өтініш айтылды. Әрбір аудан кем дегенде бір пәтерден алып берсе деген тілек болды. Осы ұсынысты Темір ауданының әкімдігі қолдай кетті,  — деді Бердібек Сапарбаев.

Пәтерге ие болған Мейрамгүл басшылыққа алғысын жаудырды. Балаларының жаңа үйге көшетінін айтып, қуанды.

— Осыдан тоғыз жыл бұрын Байғаниннен Ақтөбеге көшіп келдім. Үйіміз суға кеткенде, қатты қиналдық. Балаларымды ойлап, жылаған күнім болды. Ал қазір барлығын ұмытып тұрмын. Қуанышымда шек жоқ. Көмек көрсеткен азаматтарға алғысым шексіз, — деді Мейрамгүл.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті