Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әр этномәдени бірлестік өз этноауылын салуы керек

Дата: 19 июня 2017 в 01:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Өткен жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, әртүрлі сала мамандары, «Қоғамдық келісім» медиация орталығының медиаторлары қатысты.

Бердібек Сапарбаев жиналғандарға алдымен жаңадан тағайындалған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың меңгерушісі Нұрбақыт Барбосыновты таныстырып, ал бұл қызметті бұған дейін атқарған, бүгінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусіноваға қызметте табыс тіледі.

— Нұрбақыт Құсайынұлы әртүрлі қызметте жұмыс істеді. Ол — жергілікті кадр. Бұған дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болған оны осы қызметке тағайындап отырмыз. Көпұлтты ауданда еңбек еткен оның Бұлбұл Ораққызы сияқты сіздермен қоян-қолтық, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтініне сенім білдіреміз.

Біз көпұлтты мемлекет болғандықтан, ешқандай бөлінушілік болмауы керек. Осында тұрып жатқан ұлттың әрқайсысы біз үшін бірдей. Елбасының өзі ұдайы айтатындай, біз — қазақстандық халықпыз, біртұтас отбасымыз. Мұны ешқашан ұмытпауымыз тиіс. Қазақстанды мекендейтін әр ұлт өкілі өзінің тарихын, мәдениетін, тілін ұмытпай, оны сақтауға толықтай мүмкіндік алуы керек, — деді Бердібек Машбекұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі өз сөзінде әр ұлт пен ұлыс өкілдерін «Туған жерге тағзым» акциясына атсалысуға шақырып, шаһарды көріктендіруге әрқайсысы үлес қосуы қажеттігін атап өтті.

— Тұңғыш Президент атындағы саябақта әр этномәдени бірлестіктің этноауылын жасақтамақ ойымыз бар. Онда әр ұлт өзінің үйін тұрғызып, келушілерге тарихын, мәдениетін, ұлттық асханасын ұсынуы керек. Бұл мақсатта демалыс орталығында арнайы жер бөлініп жатыр. Менің ойымша, бұған аса көп қаражат жұмсалмайды. Есесіне, ол тарихта қалады. Болашақ ұрпаққа да үлгі. Қала қонақтарына да бұның қызықты болары сөзсіз. Бұның барлығы айналып келгенде ақтөбеліктердің демалыс күндері, мерекелерде бос уақытын қызықты өткізуі үшін жасалып отыр. Сондықтан әр этномәдени бірлестікті өзінің этноауылын салуға шақырамын. Мұндай жоба кезінде Өскемен қаласында жүзеге асырылды, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жиын барысында ел Президентінің биылғы Жолдауы және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында айтылған міндеттердің орындалу жайы да тілге тиек етіліп, бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдері сөз сөйледі.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті