Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбеде медицина қызметкерлерінің күні ерекше атап өтілді

Дата: 19 июня 2017 в 02:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбеде медицина қызметкерлерінің күні ерекше атап өтілді

Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шара  Батыс-2 ауданында  жаңадан салынған «Денсаулық» саябағында өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және арнайы шақырылған қонақтар ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Бейбітшілік және рухани келісім жөніндегі Президент сыйлығының иегері, медицина ғылымының докторы Нина Қаюпова, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли мен бауыр трансплантациясы бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг Чуль Юн қатысты.

Мерекелік шара «Денсаулық» саябағының ашылуымен басталды. Саябақ мерекеге орай ерекше безендіріліпті. Халық көп жиналды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, саябақтың дизайнері Аида Тілегеноваға Алғыс хат тапсырды. Қала тұрғыны, ардагер  Мұратқали Өтегенов саябақтың ашылуы тұрғындар үшін ерекше сый екенін, әсіресе жастар үшін пайдасы зор екенін айтып, облыс басшылығына алғысын білдірді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған қонақтар саябақтың тілек кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды. Салтанатты түрде саябақтың лентасы қиылды. Қонақтар саябақтың ішін аралап көрді. Жалпы қалада саябақтар салу туралы бастаманы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көтерген болатын. Бастама денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан қолдау тапты. Былтыр  Батыс-2 ауданынан аумағы 1,4 гектар болатын жерге саябақ құрылысы басталды. Оның ішіне воркаут, футбол, үстел теннисі алаңдары, велосипед жүретін жол және субұрқақтар салынды. Дәрігерлер саябақ аумағына 1500-ден аса тал-терек екті. Көшеттердің денін өткен жылы денсаулық сақтау қызметкерлері мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған халықаралық форум кезінде, отандық медицина қызметкерлері мен алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар өз қолдарымен екті. Қазір олардың барлығы жайқалып өсіп тұр. Қонақтар саябақтың ішін аралап, спортпен шұғылданып жатқан жастармен кездесті. Тұрғындардың қан қысымын өлшеп және өзге де медициналық көмек көрсетіп жатқан мамандардың  жұмысын көрді. Саябақтың көрнекі жерлеріне суретке түсті. Негізгі шара саябақ сахнасында жалғасын тапты. Облыс медицинасының соңғы жылдардағы жестіктері бейнекөрініс арқылы көрсетілді. Өңір медицинасы туралы кітап таныстырылды. Оның алғашқы данасы музей қорына тапсырылды. Сондай-ақ жүргізушілер мереке қарсаңында медициналық колледжге батыр қыз Мәншүк Мәметованың есімі берілгенін қуана хабарлады. Бұл хабарды колледж ұжымы ұзақ күткен еді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақ халатты жандарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

— Мемлекет басшысының қолдауымен облыстың денсаулық сақтау жүйесі жаңа әрі  сапалы деңгейге көтерілді. Өңірде медицинаны дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Материалдық-техникалық база, кадр әлеуеті секілді мәселелер өз шешімін тауып жатыр. Бүгін, міне, жаңа саябақтың ашылуының куәсі болып отырмыз. Дәрігер — кәсіпкер емес. Оның еңбекақысынан өзге табысы жоқ. Соған қарамастан облыстың дәрігерлері бастаманы қолдады. Құрылыс бойынша барлық шығынды Ақтөбе қаласы  мен облыс аудандарының медицина мекемелері өз мойындарына алды. Сөйтіп, көпшілікке жаңа әрі барлық жағынан қамтылған саябақты ұсынып отыр. Дәрігерлердің бұл ісі — өзгелерге үлгі. Облыс басшылығының атынан жауапкершілігі зор игілікті еңбектеріңізге алғыс айтамын, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ өңір басшысы бірқатар медицина қызметкеріне қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанова атындағы сыйлықты тапсырды.  Және бірқатар дәрігерлерді «Үздік медицина қызметкері», «Медициналық ұйымның үздік басшысы» секілді жеті номинация мен «Ерен еңбегі үшін», «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» секілді бірнеше төсбелгімен марапаттады.  Барлығына 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Сонымен қатар бес медицина өкіліне пәтер кілті табысталды. Облыс әкімі өңір медицинасының трансплантология бағытын дамытуға үлес қосып, ақтөбелік дәрігерлерге шеберлік кластарын өткізіп жүрген Сеул ұлттық университетінің профессорларын да марапаттап, алғысын айтты.

Шарада мәртебелі қонақтар ақтөбелік дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қиын да күрдел қызметтеріне сәттілік тіледі. ҚР Денсаулық сақтау вице — министрі Алексей Цой облыс медицинасының дамуына оң баға берді.

—  Қай заманда да денсаулық сақшысы болған азаматтар жоғары құрметке ие болады. Медицина қызметкерлерінің абыройын асқақтатып, оларды  барынша қолдауға елімізде ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстар — Президенттің басты назарында, — деген Алексей Цой 45 медицина қызметкеріне министрліктің Алғыс хатын және төсбелгісін тапсырды.

Ал  Нина Қаюпова Бердібек Сапарбаевқа денсаулық сақтау саласына көңіл бөліп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал еткені үшін алғысын айтты.

Марапатқа ие болған дәрігерлер бір-бірлерін құттықтап жатты. Әсіресе пәтер кілтін алған жастардың қуанышында шек жоқ. Қалалық жедел жәрдем ауруханасында хирург-эндоскопист болып еңбек ететін Айгерім Жұмақұлова бір бөлмелі пәтерге ие болды.

— Ауруханада екі жылдан бері жұмыс істеймін. Пәтер алатынымды естігенде, қатты қуандым. Енді өзімнің үйім болады. Жұмыс орныма да жақын, — деді Айгерім қуанышын бөлісіп.

Облыстың медицина саласында қырық жылға жуық абыройлы еңбек етіп келе жатқан қаладағы  жедел жәрдем қызметінің дәрігері Сағындық Дияров та ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың қолынан еңбек ардагері медалін алды. Ардагер еңбегі еленгеніне ризашылығын білдірді.

Шарада аудандар да  елеусіз қалған жоқ. 12 аудан мен бір ауылдық емдеу мекемесі су жаңа жедел жәрдем көлігіне ие болды.

Мерекелік шараның соңында арнайы шақыртылған «МузАРТ» тобы өнер көрсетті. Жергілікті өнерпаздар ән салып, би биледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті