Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ШЫМКЕНТЕ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ БАЗАРЫ АШЫЛАДЫ

Дата: 22 июня 2017 в 16:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ШЫМКЕНТЕ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ БАЗАРЫ АШЫЛАДЫ
Шымкентте ірі қазақ-қырғыз базары ашылады деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұрынғы Бекжан базаны енді Шымкент-Дордой базары деп аталмақ. Бұл жайында Бекжан базарында өткен жиында айтылды. Сауда орнының құрылтайшысы Әмірхан Шүменов базарды көрші Қырғызстандағы Дордой базарының басшысына 10 жылға басқаруға беріпті. Ал айыр қалпақты ағайын өз кезегінде базарға 3 миллион доллар инвестиция құюға уәде беріп отыр.

Бұрынғы Бекжан базары енді Шымкенттегі ең ірі, саудагерлерге ыңғайлы және арзан базар болады. Бұл туралы осы базарды 10 жылға басқаруға алған қырғызстандық Дордой базарының құрылтайшылары мәлімдеді. Қырғыз кәсіпкерлер Шымкенттегі сауда орнына 3 млн доллар инвестиция құямыз деп отыр. Ал базар маңындағы 4 гектар жерде 5 мың автокөліке арналған автотұрақ салынбақ.

Естеріңізге салар болсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын бұл базардың өртенгенін көпшілік әлі ұмытқан жоқ. Осы оқиғадан кейін базар басшысы Әмірхан Шуменов сауда орнын заман талабына сай етіп, саудагерлерге ыңғайлы етіп салды. Бүгінде базарда 8 мың саудагерге арналған дүңгіршек бар. Және қаладағы ең қауіпсіз базар болды. Ал 50 мың сатушысы бар Дордой базары да екі рет өртенді деген қырғыз ағайындар Бекжан базарының құрылысына таңданып, таңдай қақты. Және Жібек жолындағы ең үлкен сауда орнына айналатынына сенімді екендерін ашық айтты.

Жаңа базарда енді үш басшы болады. Оның екеуі қырғыздардың өкілдері, ал директорлық қызмет бұған дейін бірнеше базарды аяғынан тұрғызған Клара Нәдірқұловаға сеніп тапсырылыпты. Ал ол өз кезегінде барлық сатушыларға жағдай жасап, саудагерлердің саудасы жүргенше салық алмайтынын айтты. Тағы бір айта кететін мәселе, бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы өзге базарларда 5 мыңнан астам қырғыз ағайын сауда жасап жүр.

По сообщению сайта Матрица.kz