Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қытайдан келген қазаққа облыс әкімінің гранты берілді

Дата: 27 июня 2017 в 20:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қытайдан келген қазаққа облыс әкімінің гранты берілді

Ақтөбеде «Қазақстан — атажұртым, қасиетім — ана тілім!»  атты қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ХІV халықаралық олимпиаданың қорытындысы шығарылды.

Қытайда, Моңғолияда, Өзбекстанда, Иран мен Ресейде тұрып жатқан қазақ диаспорасының балалары олимпиадаға қатысу үшін осында бас қосты. Жыл сайын Қазақстанның әр өңірінде өтетін дәстүрлі шараны бұл жолы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық орталығымен бірлесе Ақтөбеде ұйымдастырды.

Олимпиаданың салтанатты ашылуы алдында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова мұражайында болған қонақтар содан кейін ескерткішке гүлдестелер қойды.

Екі күн бойы өткен сайыс кезінде балалар эссе жазып, ана тілінде өлеңдер оқып жарысты, өзге де күрделі тапсырмаларды орындады.

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Жаңақоныс ауылындағы орта мектепте өтті. Жүлделі орындарға ие болған таяу және алыс шетелдердегі мектептердің 10 түлегі Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарында білім алу грантының сертификаттарын ұтып алды.

Солардың арасында Қытайдан келген этникалық қазақ баласы Шынарбек Тұрсынұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім алу үшін  облыс әкімі Бердібек  Сапарбаев тағайындаған грантты иеленді. Ал осы университеттің ректоры Бауыржан Ердембековтің гранты Самғар Орынбайұлының еншісіне тиді.

 «Ақтөбе ақпарат».

По сообщению сайта Ақтөбе газеті