Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мақсат — құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін көтеру

Дата: 06 июля 2017 в 00:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Облыс әкімдігі мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл құжатқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен академия ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров қол қойды.

«Өмір бір орында тұрмайды, жыл өткен сайын нормативті және заң актілері жетілдіріле береді. Құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру қажет, себебі олар тікелей халықпен жұмыс істейді», — деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, өңір басшысының пікірінше, академия қызметі бүкіл әлемде лаңкестік және экстремистік қауіп күшейіп тұрған қазіргі жағдайда айрықша маңызды.

Өз кезегінде Н.Ахметзакиров академия жұмыс істеген екі жыл ішінде әріптестерімен бөлісуге тұратын біраз тәжірибе жинақталғанын атап өтті.

Меморандум аясында академияның облыстың жергілікті полиция қызметкерлері үшін семинарлар, тренингтер, лекциялар, басқа да ағартушылық шаралар өткізуі, мамандар алмасу, ағартушылық бағдарламаларды бірігіп жасау, әдістемелік оқулықтар мен ұсыныстарды әзірлеу және шығару, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі практикасын жақсартуға бағытталған басқа да шараларды өткізу, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту қарастырылған.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті