Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елбасы мақаласын қолдайтындықтарын жеткізді

Дата: 21 июля 2017 в 03:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елбасы мақаласын қолдайтындықтарын жеткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру және насихаттау мақсатында ауданымызға облыс орталығынан ақпараттық-насихаттық топ келді. Ақпараттық-насихаттық топқа «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директорының орынбасары Руслан Дарбаев жетекшілік етті.

Топ мүшелері Қайыңды, Құмжарған ауылдарында тұрғындармен және аудан орталығында «Энергосистема» ЖШС бөлімшесінің ұжымымен кездесті.

Кездесулер кезінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Роман Рахиев алғашқы медициналық көмек және жүрек-қан тамырлары дерттеріне, қант диабеті, туберкулез секілді ауруларға шалдыққан жандарға көрсетілетін тегін көмек түрлері жөнінде, сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесі төңірегінде сөз қозғады. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Садуақас латын қарпіне көшудің маңызын түсіндірді және осыған байланысты алаңдаушылық мазмұндағы кейбір пікірлердің негізсіз екендігіне тоқталды. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің кафедра меңгерушісі Үмбетхан Сәрсембин рухани жаңғыру үшін тарихты зерттеу мен танудың өте маңызды екендігін атап өтіп, осы орайда атқарылып жатқан істер жөнінде айтты.

Кездесуде сөз алған тұрғындар да сананы жаңғырту жолында алға қойылып отырған мақсат-міндеттерді қолдайтындықтарын жеткізді.

М.ӘДІЛБАЙҰЛЫ,

Ойыл селосы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті