Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нақты қадамдар ықпалымен

Дата: 25 июля 2017 в 21:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Нақты қадамдар ықпалымен

Елбасымыздың  «Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет» деп елді жаңа серпіліске дайын болуға, оны жүзеге асыруға үндеуі біздің бәрімізге қозғау салғандай болды.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында сот жүйесіне деген сенімнің одан әрі артуына қол жеткізу қажеттігі мен судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жоюдың маңыздылығын да ерекше атады. Елбасының бұл сөздері судьялар қауымдастығына биік міндеттер жүктейді. Сот жүйесі тарапынан Жолдауды белсенді түрде іске асыруға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мәселен, жекеменшікті қорғау, шетелдік инвестицияларды тарту, бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау, салық-бюджет саясатын жақсарту сияқты ел экономикасының дамуына ықпал ететін заңнамаларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу және осы мәселелер бойынша сот практикасын зерделеу жөніндегі кешенді шаралар атқарылып жатқанына халық куә.

Осы жерде айта кетерлігі, Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 11 қадамы сот жүйесін реформалауға, жетілдіруге арналғаны баршаға мәлім. Бұл бағыттарда да Жоғарғы Сот нақты істерді жүзеге асырды.

Еліміз әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылу жөніндегі мақсатына жету үшін атқарылуға тиіс жұмыстар Жолдауда анық айқындалған. Жолдаудағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді ізгілендіру, әкімшілік айыппұлдардың әділетті және құқық бұзу деңгейіне сай болуын, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету, қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту тәрізді ел игілігін еселендіре түсетін бағыттар астарының мәні зор. Осы себепті, бұл істер барлық уақытта қоғамның қолдауына ие болады.

Елбасы судьялар қауымдастығының VII съезінде «Кәсіпкерлердің, жекеменшіктің құқығын қорғау — нарықтық экономиканың өте маңызды элементі. Шағын және орта бизнес — экономика өмір сүруінің негізі. Шағын және орта кәсіпкерліктің құқығын заң аясында қорғау қамтамасыз етілуі тиіс», — деген болатын. Осыған сай, экономиканың негізін құрайтын шағын және орта кәсіпкерліктің құқығын заңға сәйкес қорғау бүгінгі сот жүйесінің жұмысындағы басым бағыттар қатарында тұр. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиістігін айтқан Елбасы осы дерттің себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл тапсырмалар үдесінен шығу бәріміздің міндетіміз.

Серік МАХАМБЕТОВ,

Ырғыз аудандық сотының судьясы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті