Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбенің ауасын бұзған кім?

Дата: 25 июля 2017 в 22:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбенің ауасын бұзған кім?

 Қалада жағымсыз иіс шығуына осындай кәсіпорындардан шығарылатын өндірістік қалдық себеп болып отыр. Бұл туралы кеше облыс әкімінің орынбасары  Қайрат Бекеновтің қатысуымен болған көшпелі жиын кезінде айтылды.

Жиынға табиғатты қорғау прокуратурасы мен экология департаментінің мамандары,  сондай-ақ канализация жүйесіне өндірістік қалдықтарды төгетін кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Ақтөбеде бұған дейін де экологиялық мәселелер айтылмай жүрген жоқ. Жергілікті билік облыс орталығындағы экологиялық мәселелерді оңтайлы шешудің жолын іздестіріп, бұл бағытта кешенді жұмыстарды қолға алған. Соның бірі — биыл қаланың үш ауданында кәріз қалдығын төгетін станция құрылысы басталды.  Оның бірі Ақтөбенің Кірпішті ауылында, қалғандары 41-разъезд бен Шанхай аумағында салынып жатыр. Кірпішті ауылындағы канализациялық станса жақын күндері тапсырылмақ. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме — «Спарта құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі. Станса аумағында өткен көшпелі жиын кезінде «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының директоры Асан Ыбыраев енді жеке үйлердің ауласынан арнайы ассенизатор көліктері арқылы сорылған кәріз қалдықтары осы жерде төгілетінін айтты. Бұл стансаға бір мезгілде 5 көлік кәріз қалдығын төгетін болады. Оның айтуынша, елімізде бірінші болып Ақтөбеде қолға алынған мұндай станса өз кезегінде экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

«Спарта құрылыс компаниясы» мекемесінің басшысы Мақсат Сәңкібаев құрылысы аяқталуға жақын стансаның жұмыс істеу технологиясын түсіндірді.

— Біз Кірпішті ауданындағы стансаның құрылысына жауап береміз. Бұл жерге төгілген кәріз қалдықтары орталықтандырылған канализация құбыры арқылы  қала сыртына шығарылады. Бұл жұмыстардың барлығы санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілді. Станса іске қосылғаннан кейін Кірпішті ауданындағы канализация мәселесіне қатысты проблемалар  шешіледі деп ойлаймыз, — деді мердігер компания басшысы Мақсат Сәңкібаев.

Стансаға сору қондырғысы мен су айдайтын жаңа мұнара қондырылған. М.Сәңкібаев стансаға қалдық төгуге келетін ассенизатор көліктердің осы жерде іші хлорланып, жуылатынын айтты.  «Мұнда әкелінген кәріз қалдықтары сумен шайылып, сыртқа жөнелтіледі. Ол үшін жер астына арнайы сыйымдылығы 100 текше метрлік резервуар орнатылды. Кәріз қалдықтарын төгетін станса құрылысы соңғы талаптарға сәйкес салынды. Құрылыс  сапасы мемлекеттік сараптамадан өткізілді», — дейді М.Сәңкібаев.

Көшпелі жиын кезінде бұдан өзге де экологиялық мәселелер жайы сөз болды. Әсіресе, соңғы кезде  қаланы жайлаған жағымсыз иіске қатысты мамандар пікірі тыңдалды.

«Қазгидромет» орталығы соңғы кезде Ақтөбе қаласында атмосфералық ауада күкіртті сутектің мөлшері шамадан тыс көтерілгенін байқаған. Экология департаментінің жетекшісі Жақсығали Иманқұлов қаладағы жағымсыз иістің болуын ауа температурасының күрт көтерілуімен түсіндірді.

— Ауа райының ыстық болуына байланысты канализация жүйелерінде күкіртті сутектің жинақталу мөлшері ұлғайған. Күндіз ауа температурасы 30-33 градусқа дейін жоғарылайды, ал түнде бұл көрсеткіш 18-20 градус шамасында. Температураның осылайша  ауытқуына байланысты түнгі мезгілде ауа қысымы күрт төмендейді. Сол кезде ауа массасы арқылы қалаға күкіртті сутектің жағымсыз иісі тарайды, — деді Ж.Иманқұлов.

Оның айтуынша, қазір қаладағы 300-ге жуық кәсіпорын өндірістік қалдықтарын канализация жүйесіне ағызады. Әсіресе, өндірістік қалдықтардың көп бөлігін 50 ірі компания шығарады. Олардың ішінде зиянды заттардың концентрациясын қалыпты мөлшерден асырып төгетіндер бар екені бірнеше рет анықталған.

Көшпелі жиын кезінде Қайрат Бекенов соңғы кезде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғындардың осы мәселеге қатысты жиі шағымданатынын тілге тиек етті. Сондықтан ол  экология департаментінің басшысына экологиялық талаптарды сақтамай отырған кәсіпорындарға жоспардан тыс тексеріс жасау керектігін айтты. Талапты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанмен қатар, қызметін тоқтатуға дейін жаза қолданылмақ. Бұл бағытта жүргізілетін бірінші тексерістің қорытындысы екі аптадан соң белгілі болмақ. Сонымен қатар ол қала әкімдігі мен экология департаментіне қаланың атмосфералық ауасына күн сайын мониторинг жасау қажеттігін тапсырды. Өйткені бұл мәселені облыс әкімі тікелей өз бақылауына алған.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Читайте также