Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Ақтөбеге мың алғыс!»

Дата: 30 июля 2017 в 22:02

«Ақтөбеге мың алғыс!»

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Ақтөбеден шыққан әншілердің қатысуымен «Туған жер — алтын бесігім» атты концерт өтті. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ұйымдастырылған ашық аспан астындағы кешке Аллаберген Жақсыбаев бастаған өнерпаздар атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, шараның мақсаты — ақтөбеліктер мен қала қонақтарының көңілін көтеру, оларға әдемі кеш сыйлау. Осыны көздеген бүгінгі таңда еліміздің орталық қалаларында тұратын жерлес әншілер — Аллаберген Жақсыбаев, Данияр Сағынтаев, Айбат Жанғалиевтер әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.

— Осы мәдени шараның халыққа беретін пайдасы, әрине, аз емес. Сахнаның бос тұрғанынан гөрі, жұртшылықтың уақытының осылай ән тыңдап, көңіл көтеріп, тиімді өтуінің өзі игілікті іс деп ойлаймын. Бұл ақысыз концерт болғандықтан, зияны тіптен жоқ. Әрі сол арқылы көпшіліктің концертке бару мәдениеті қалыптасса, нұр үстіне нұр емес пе? Әйтпесе бізде, қазақта, өзге халықтардай концертке жаппай бару жағы әлі де кемшін ғой…

Жалпы алғанда, туған жерім — Ақтөбеге концертпен жиі келіп тұрамын. Өзімнің жеке концерттік бағдарламамды екі жыл сайын өткізсем, шақырған ұжымдық мерекелік шаралардан қалмауға тырысамын. Қайырымдылық кештерін жақында Қандыағаш, Алғада өткіздім. Алға балалар үйіне барып, ақысыз концерт қою да мен үшін дәстүрге айналған.

Бүгінгі «Туған жер — алтын бесігім» атты концертте 8 ән орындадым. Олардың біразы жерлес сазгерлердің туындылары. Өзімнің туған өлкеме арналған 4-5 әнім бар. Бұл тақырыптағы әндердің репертуарымдағы орны бөлек, — дейді Алматыдан арнайы келген Аллаберген Жақсыбаев.

Ал елордада білім алып, қазір сол жақтың мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген жас әнші Данияр Сағынтаев аталмыш концерт туралы:

Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің дәстүрлі ән бөлімінде оқыдым. Енді, міне, бас қалада тіршілік кешіп жатқан жайым бар. Бірақ өзімнің кіндік қаным тамған жерімді ұмытпай, шақырса, өнерімді көрсетуге келіп тұрамын. Өткенде облыс орталығында өткен Әйтеке би ауданының күндеріне де келіп, ән салып кеттім. Меніңше, кім-кімге де мұндай концерттер керек-ақ. Адамның патриоттық сезімін арттыратын шараларға қатысқан дұрыс деп білемін, — дейді.

Концертте жергілікті өнер майталмандары да қалыс қалмай, өздерінің Отанға, Ақтөбеге арналған, сондай-ақ, лирикалық әндерін шырқады. Олардың әрқайсысы сахнадан өзінің туып-өскен мекені мен жерлестеріне жылы лебізін білдіріп, концертке келгендерге жақсылық тіледі.

Сонымен қатар, бұл күні Орталық саябақта облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйытқы болуымен «Туған өлке — тұнған тарих» кітап көрмесі өтті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті