Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ҚҰРАЛАЙ НҰРҚАДІЛОВА АРЗАН КИІМДЕР ТІГЕ БАСТАДЫ

Дата: 03 августа 2017 в 16:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚҰРАЛАЙ НҰРҚАДІЛОВА АРЗАН КИІМДЕР ТІГЕ БАСТАДЫ
Oтандық дизайнер Құралай Нұрқаділова қолжетімді баға арқылы жаңа топтамасын «хитке» айналдырмақ. Тіпті, сәнгердің өз тұтынушыларына тиімді ұсынысы да дайын, деп хабарлайды Stan.kz.


Отандық сән әлемінің алғашқы қарлығашы — Құралай Нұрқаділова әріптестері арасында әдеттегідей бірінші болып, өз саласында төңкеріс жасамақ, деп хабарлайды НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы.

Дизайнер бұдан былай сапалы дүниелерді қолжетімді, арзан бағамен ұсынуға ниетті.
«Мен бұл топтаманы «Гардероб» деп атадым. Себебі ұсынып отырған киімдерім әр адамның гардеробында кездеседі. Олардың сапасы люкс болғанымен бағасы қолжетімді. Яғни, кез-келген адам сатып ала алады», – дейді Құралай Нұрқаділова.

Сәнгер, аталмыш топтаманың тұтынушы сұранысынан туындағанын жасырмайды. Себебі, әдемі киінуге әркімнің-ақ бар таласы.
«Жеңіл жейделердің бағасы 5500 теңге. Жалпы, осы топтамадан киіну үшін 15000-ға жуық теңгеңіз болса жеткілікті. Ал, ең қымбат дегенде шамамен 35000 теңге болып қалар», – дейді Нұрқаділова.

Ұзақ уақытқа көзден таса болған дизайнер, ең соңғы рет Динара Сәтжан ұйымдастырған «MONACO fashion nite » -та өзінің жеке коллекциясымен төбе көрсеткен болатын.

Отандық 7 сән үйін бір алаңға жинаған көрсетілімде Құралай Заманбекқызының қатысуы тегін емес. Себебі, ол осы сәттен Динара Сәтжанмен бірлескен жұмысын бастап кеткен.

«Біз Динара Сәтжан екеуіміз серіктестік жөнінде 5 жыл бұрын сөйлескен болатынбыз. Алайда, ол кезде коллекциямыз дайын болмады. Енді, көріп отырғандарыңыздай бірге жұмыс істейміз», – дейді сәнгер.

Құралай Нұрқаділова жеке колекциясының арнайы көрсетілімін ұйымдастыруға әлі асықпайды. Айтуынша, онсыз да жеке әрі мемлекеттік тапсырыстары көп. Алайда, дизайнер халықты қолжетімді киіммен қуантуға уақыт табуға мүдделі.

По сообщению сайта Матрица.kz