Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Хромтауда екі қоғамдық сауда орны салынады

Дата: 06 августа 2017 в 22:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Оның алғашқысы №4 Хромтау орта мектебінің алдындағы көп қабатты екі тұрғын үйдің аралығындағы жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың жиегінде бой көтереді. Бұл тротуар қазіргі таңда күндіз көлік жүретін жолға айналса, түнгі уақыттарда автотұрақ қызметін атқарып тұр. Негізінен бұл аумақта көлік жүруге де, көлік қоюға да болмайды. Мектеп алдындағы көлік қозғалысы оқушылар үшін қауіпті. Оқушылар қауіпсіздігін басты назарға алған аудан әкімі Аманғали Бердалиннің тапсырмасымен мектеп алдындағы көлік жолына айналған тротуар қайта қалпына келтіріліп, тек жаяу жүргіншілер жүретіндей қоршалып, қоғамдық сауда орны бой көтереді.

Аумағы қоршалып, жарық тартылған, арнайы дүңгіршектер орнатылатын қоғамдық сауда орындарының тазалығына жауапты адам белгіленеді. Қосымша табыс табу үшін таңертеңнен кешке дейін күннің астында жүретін үлкен кісілер мен саудагерлер бұл орындарда өздерінің табиғи таза сүт өнімдерін, көкөніс, жеміс-жидектерін сата алады. Ең бастысы, оларға орын тегін беріледі. Сондай-ақ, саудаланатын өнімдерді жылжымалы зертхана тексеріп, сол жерден рұқсат беріледі. Қоғамдық сауда орындарында ет, балық сияқты өнімдер сатылмайды.

Ал екінші қоғамдық сауда орны Жеңіс даңғылы бойынан бой көтермек. Аталмыш қоғамдық сауда орны салынғаннан кейін көліктер аулада тұрады. Ал қосымша табыс табуды ниет еткендер таза жерде тұрып, жұмыс жасай алады.

Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті