Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Аудан жаңалықтары

Дата: 08 августа 2017 в 22:12

Алға индустриалды техникалық колледжі ғимаратында аудандық жұмыспен қамту орталығы және  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірлескен жұмысының аясында кәсіптік техникалық бағыт-бағдар беру жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Кездесу барысында жастарға жергілікті билік өкілдері және колледж мамандары қазіргі таңдағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша айта келе,  ауданның алдағы уақыттағы әлеуеті мен жоспарлары жөнінде ақпараттандырды. Сонымен қатар, орта кәсіптік техикалық білімнің мәртебесін көтеру мақсатында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер жайы сөз болды.

Ауылдық округ әкімдері халық алдындағы есепті кездесулерін өткізуге кірісті. Құмқұдық, Сұлукөл ауылдық округі әкімдерінің есепті кездесуіне аудан әкімі Мәлімбет Ыбырашев қатысты. Жиын барысында тұрғындар аудан, ауыл әкімдеріне көкейде жүрген сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныстар айтты. Сұлукөл ауылындағы басты мәселе — ауызсу. Аудан әкімі жергілікті тұрғындарға бұл мәселе бойынша нақты шаруалар қолға алынғанын айтты.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әсет Жеткізгенов аудандағы мүмкіндігі шектеулі 10 адамға «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билет табыстады. Осындай игі шара ауданның 8 ауылдық округінде жалғасын тапты.

**

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қарауылкелді ауылындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы саябағында  жастарға арналып  отандық кино көрсетілді. Мақсат — жастардың бойына патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді  дарыту, кино өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Аудандық Мәдениет үйінде «Ақпейіл» әжелер вокалды ансамблінің есеп беру кеші өтті. Кеште әжелер композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындап, көрермендердің көңілін көтерді. Концерттік бағдарлама соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Сарина, Мәдениет үйінің директоры Н.Есмұрзин және басқалары «Ақпейіл» әжелер тобының көркемдік жетекшісіне алғыстарын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

**

«Таза жағалау» акциясы жастардың бастамасымен өткізілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқан жастар тартылды. Олар Қарғалы су қоймасының жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазалады. Жастар туған өлкенің тазалығы мен ауылдың өркендеп, өсуіне әрдайым үлес қосатындықтарын айтты.

Елді мекендерді абаттандыру — жергілікті биліктің жіті бақылауында тұрған мәселе. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен жиында ауылдарды көркейту мәселесі сөз болып, қысқы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды. Сол сияқты, жиында «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша жоспарлар нақтыланды.

**

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімінің орынбасары Болат Құлов бастаған жұмыс тобы Терісаққан ауылына келді. Жұмыс тобының мүшелері ауылдағы шаруа қожалықтарында болып, жеке кәсіпкерлермен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Жаңа жүйе негізінде туындаған сауалдарға жауап берді.

Мәртөк ауылдық округінің ерікті өрт сөндіру жасағы мен №11 өрт сөндіру бөлімінің күшімен округ аймағын шарпыған дала өрті жедел әрекет ету жұмыстарының арқасында сөндірілді.

**

Аудан әкімі Нұржауған Қалауов Қарашай ауылдық округінің Қаратаусай, Аққайың ауылдарында болып, шөп шабу, егін орағы секілді науқандық жұмыстардың барысымен танысты. Сондай-ақ, «Коминтерн» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде болып, сүт өңдеу цехын ашудағы даярлық жұмыстарын да өз көзімен көрді.

Аудан әкімі Ербол Данағұлов, аудан прокуроры Алмас Шәкіров және аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Абзал Шотанов Жаңажол вахталық поселкесінде болып, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на қарасты бірнеше мекемелердің жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жергілікті билік өкілдері мекеме қызметкерлерімен тілдесіп, аудан аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында қысқаша баяндады. Сонымен қатар аудан басшысы биыл Мұғалжар ауданының 20 жылдығы, Қандыағаш қаласының құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылатын шараларға қолдау көрсету керектігін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ЖШС-ның басшылығына ескертті. Сондай-ақ, ол мекеме басшылығына компанияның аудан аумағында жұмыс жүргізіп отырғандығын, сондықтан мұғалжарлық азаматтарды мамандықтары бойынша жұмысқа қабылдау керектігін еске салды.

**

Ембі қаласында Мұғалжар ауданының құрылғанына — 20 жыл, Қандыағаш қаласының құрылғанына — 50 жыл толуына  орай 40 жастан асқан спортшылар арасында футболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Ембі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірінші орынды жеңіп алды.

**

Алға қаласындағы «Аламан», «Ас Маркет», «Саламат» «Аялина» дүкендерінде азық-түлік бағасы өспеген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алға аудандық филиалы мамандары жүргізген рейдтік тексеріс кезінде белгілі болды. Аудан әкімдігі мен сауда орындары арасында жасалған меморандум негізінде баға тұрақтылығы сақталып отыр. Бүгінгі таңда Алғада бұл бағытта билік пен бизнес арасында 100-ге тарта келісім парағына қол қойылған.
Рейдтік тексеріске партия мүшелерімен қатар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Диана Мажит те қатысты.

Екпетал ауылдық кітапханасының қызметкерлері көшпелі кітапхана ұйымдастырды. Шара барысында олар кітапханасы жоқ ауылдарды аралады. Сондай ауылдардың бірі — Жаңабаз. Кітапхана мамандары Жаңабаз ауылы тұрғындарына және ауылдаға балабақша, дәрігерлік пункт қызметкерлеріне қордағы жаңа кітаптарды таныстырып, мерзімді басылымдардағы мақалаларды оқуға мүмкіндік жасады.

Аудан прокуроры Нұрдәулет Сұлтанов Ақсай ауылдық округінде тұрғындарды қабылдады. Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының және аудандық соттың өкілдері қатысты. Прокурордың қабылдауына келген ауыл тұрғындары мүмкіндігі шектеулі баласына үй алу үшін кезекке тұрудың жолын, сондай-ақ, егін шаруашылығын субсидиялау және өзге де мәселелерге қатысты сауалдарды көтерді.

Никельтау ауылында теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті. Мерекелік шараны ауыл халқы тамашалады. Теміржол саласының ардагері Мнаура Мырзаханова теміржолшыларды төл мерекесімен құттықтап, ауыл халқына осындай қуаныш сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Бұл күні  «Балдәурен-2017» байқауының жеңімпазы — «Алтынай» би тобы өз өнерін көрсетті. Атаулы шараны ауыл халқы  сүйсіне қарап, жоғары деңгейде бағалады.

Ауданда «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Мөңке би ауылдық округінің күндері аталып өтті. Шара барысында Мөңке би ауылының тарихынан сыр шертетін кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік шарада ән мен биден шашу шашылды, тұсау кесу дәстүрі насихатталып, ауыл тұрғындары көпшілікке ыстық бауырсақ ұсынды.

**

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының  қолдауымен теолог Асқар Сабдин ауданда дін мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында, сондай-ақ №8 жол дистанциясы мекемесінде ұйымдастырылды. Шалқар қаласында құрылған сектор жетекшілері және мүшелерімен де дін тақырыбында кездесу сағаты өтті.

Аудан әкімі Мәди Елеусізовтің төрағалығымен өткен жиында аудандық кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің биыл бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы тыңдалды. Сол сияқты, жиында қатты, сұйық отындардың ауданға тасымалдануы, қысқы кезеңге дайындық мәселесі сөз болды. Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтерінде есепті кезең ішінде атқарылған жұмыстар жайы да сараланды.

Әзірлеген

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.  

 

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті