Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары: Ақтөбені өзге өңірлерге үлгі ету керек

Дата: 11 августа 2017 в 03:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары: Ақтөбені өзге өңірлерге үлгі ету керек

 

Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбеге  келді. Мәртебелі мейманның облысқа келудегі мақсаты — Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуымен әрі  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу.

Қазір «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда Ақтөбе облысы республикада көш бастап тұр. Бұл бағытта Ақтөбе өзгелерге үлгі болмақ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысының бірінші орынбасары мен барлық облыс әкімдері орынбасарларына, бірқатар министрлік өкілдеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.  

 АҚТӨБЕ — ХОККЕЙ ҚАЛАСЫ

 Ақтөбеге келген қонақтардың алғашқы барған ғимараты — «Олимп» хоккей модулі. Мұнда хоккейшілерді ғана емес, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша болашақ чемпиондар дайындалады. Айта кету керек, бұл  Ақтөбеде тәуелсіздік жылдарында салынған қысқы спорт түрін дамытатын алғашқы спорттық ғимарат.  Жоба құны — 544,1 млн.теңге. Жалпы аумағы — 3197 шаршы метр. Ғимаратта хоккей спортын тамашалау үшін 200 адамға арналған орын бар. Хоккей модуліне қазір балаларды қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні хоккейге — 200, мәнерлеп сырғанауға — 400, ал шорт-трекке — 70 бала қабылданған. Жаңа оқу жылынан бастап спорт ғимараты өз жұмысын бастамақ. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіповтің айтуынша, бұл ғимарат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде тұрғызылған.

Қазір бұдан басқа Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданында 2500 орынға арналған мұз айдыны кешенінің құрылысы басталыпты. Бұл ғимарат келер жылдың күзінде пайдалануға берілмек.

Асқар Мамин бастаған топ хоккей модулінің ішін аралап көрді. Алдағы уақытта мұнда 8 жаттықтырушы қызмет етпек. Олар тамыз айының 15-нен бастап іске кіріспек.

— Ақтөбе — хоккей қаласы. Мен «Золотая шайба» мектеп жарысына белсенді қатыстым. Сонда Ақтөбеден қашан да мықты командалар қатысатын, — деп Асқар Мамин хоккей модуліндегі мұз айдынының сапасына жоғары баға берді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мүмкіндікті пайдалану арқылы, алдағы уақытта Ақтөбеден хоккей командасы жасақталатынын айтты.

Еліміздегі шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин қолына имек таяқты (клюшка) алып, мұз үстінде хоккей ойнады.

15 МӘДЕНИ МЕКЕМЕ БІР ЖЕРГЕ ШОҒЫРЛАНАДЫ

Соңғы кезде облыста мәдениет пен жастар саясатын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жүр. Жуырда Ақтөбеде құны 1,5 млрд.теңге болатын Жастар сарайы өз жұмысын бастамақ. Жоба «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылуда. Бердібек Машбекұлы Асқар Маминге Ақтөбенің төрінде бой көтеріп жатқан Жастар сарайының құрылысын таныстырды.

— Облыс орталығында бой түзеп жатқан барлық нысандар демеушілердің қаражатына тұрғызылып жатыр. Жастар сарайын тұрғызудағы ұтымды тұстардың бірі — қазір  Ақтөбеде 15 мәдени мекеме бар. Олар әр жерде орналасқан. Біріншіден, сол мекемелерді осы жерде шоғырландырамыз. Екіншіден, Ақтөбеде мұндай зал жоқ. Қазір Ақтөбедегі ең үлкен залдың өзі 500 адамға ғана арналған. Ал Жастар сарайындағы залдың сыйымдылығы — 1200 орындық. Сол сияқты, мұнда көрме секілді әртүрлі шараларды өткізуге арналған көптеген орындар бар, — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Жастар сарайындағы құрылыс жұмыстары  биыл 15 қыркүйекке дейін аяқталады. Осы жерде облыс әкімі Асқар Маминге құрылысы жүргізіліп жатқан Неке сарайын да таныстырды. «Жастар сарайы мен Неке сарайының ортасына стелла орнатпақпыз. Қазір бұл жұмыстар жасалып жатыр. Онда «Қазақ халқына мың да бір тағзым!» деген жазу болады», — деп Бердібек Машбекұлы қонақтарға қарсы бетте аквапарктің де салынып жатқанын айтты.

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ЖОҚ

Ақтөбеге келген қонақтар бұдан кейін «Дару» клиникасы жанынан бой көтеріп жатқан офтальмология, аллергия орталықтарының құрылысымен танысты. «Дару» оңалту орталығы» ЖШС директоры Ғалымжан Елеуов қонақтарға құрылыстың барысы жөнінде әңгімелеп,  офтальмология орталығының мерзімінен бұрын аяқталатынын айтты.

— Офтальмология орталығы еліміздің батыс өңіріндегі типтік үлгіде салынып жатқан ғимарат. Сондықтан, облыс әкімдігі мен инвестор арасындағы келісімнің нәтижесінде осындай ғимарат салынып жатыр. Жобаның жалпы аумағы — 6400 шаршы метр. Бұл құрылысқа 3,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Егер құрылыс осылай ойдағыдай жүргізіле берсе, орталықты мерзімінен бұрын, яғни жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз, — деді ол.

Асқар Мамин кадр мәселесі туралы сұрағанда, бұл істе ешқандай проблема болмайтыны айтылды. Себебі, офтальмология орталығына М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің көз аурулары кафедрасында маман даярланатынын, сол сияқты шетелдің білікті дәрігерлері  өз клиникаларында ақтөбелік кадрларды оқытып жатқанын айтты.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл бағытта Ресеймен де жақсы қарым-қатынас жасалған. «Бүгінгі күнге дейін Ақтөбеде медицина саласында кадр тапшылығы мәселесі жоқ. Әрине, біреуі кетіп, орнына біреуі келгенше, мәселелер туындап қалады. Әйтпесе, бұл істе ешқандай проблема жоқ», — деген облыс әкімінің сөзін Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жалғап әкетті.

— Қазір Ақтөбедегі медицина университетінің жанында медициналық орталық жұмыс істейді. Онда офтальмологиялық бөлімше бар. Бұл бөлімше жоғары технологиялық мүмкіндікке ие. Республика бойынша Ақтөбе облысы медицина саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жетекші орын алады, — деген Лаззат Ақтаеваға Асқар Мамин Ақтөбені медицина саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуда өзге облыстарға үлгі ету керектігін айтты.

Облыс әкімі өз сөзінде Ақтөбенің көз ауруына шалдыққан тұрғындары көбінесе Ресейге, қала берді Кореяға барып ем алатынын айтты. «Біздің міндет — көз ауруына шалдыққан тұрғындарды алыс, жақын шетелдерге сабылтпай, жергілікті жерде емдеуге жағдай жасау», — деді облыс әкімі.

Облыс экономикасы үшін маңызды болып саналатын құрылыс алаңдарын аралау кезінде Бердібек Машбекұлы аталған жұмыстардың жүзеге асырылуы ең алдымен облыс бюджетіне түсетін салмақты азайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуға, сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға айтарлықтай мол мүмкіндік беретінін атап өтті.

«СЫМБАТҚА» АЙТЫЛҒАН СЫЙ

Ақтөбеге жасаған сапарының алғашқы күнінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары жаңа оқу жылында ауылдан келетін дарынды балаларға арнап интернат ашатын қаладағы «Сымбат» жекеменшік мектебінде болды. Білім ордасының ішін аралап көрген қонақтарға мектеп басшылығы алдағы жоспарларымен бөлісті. «Сымбат» мектебінің басшысы, белгілі кәсіпкер Рабиға Тасыбаева алдағы уақытта мектеп ауласынан хоккей алаңы ашылатынын айтқаны сол еді, Асқар Мамин Қазақстанның хоккей федерациясы атынан бұл оқу ордасына хоккей спорты киімі жиынтығын сыйға тартатынын айтты.

Сондай-ақ, Ақтөбеге келген қонақтар Қазақстанда баламасы жоқ, 110 орындық жетім балаларға арналған «Мейірім» әлеуметтік үйін де аралап көрді. Ондағы тұрғындардың бүгінгі жай-күйімен танысып, тілдесті. Әлеуметтік үйдегі шеберхана жұмысын да көздерімен көрді. Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекованың айтуынша, қазір мұнда 82 адам тұрып жатыр. Олардың көпшілігі мұнда жұмыспен қамтылған. Жетім балаларға барлық жағдай жасалған.

ОБЛЫСТА ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ — 87 ПАЙЫЗ

Бұдан өзге Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ақтөбедегі бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, жуырда ғана қуаттылығы жылына 50 мың тонна болатын мұнай-газ жабдықтары мен құбырлар шығаруды бастаған «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» серіктестігінде болды. Жобаның жалпы құны — 5 млрд.теңге.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру тапсырмасын орындау мақсатында облыста елді мекендерді газдандыру шарасы жүргізілуде. Осыған байланысты облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында меморандумға қол қойылып, соның нәтижесінде Ақтөбеде газ тартуды едәуір арттыруға мүмкіндік беретін «АГРС 300» автоматтандырылған газ тарту бекеті салынды. Айта кету керек, соңғы екі жылда Ақтөбе облысының газдандыру деңгейі 60 пайыздан 87 пайызға дейін артты. Өз кезегінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Асқар Маминге бүгінде облыстың барлық аудан орталығы газға қосылғанын айтты. Қонақтар зауыттың ішін аралап, шығарылған өнімдермен танысты.

3200 ТОННА ЖЫЛЫЖАЙ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Облысқа жасаған сапары аясында Асқар Мамин Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолының қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.

— Егер қазынадан қосымша 800 миллион теңге бөлінсе, құрылысты келер жылы толығымен аяқтауға болады. Сондықтан сізден  аталған соманы биыл бюджеттік бекітуге енгізуді сұраймыз. Себебі, қазір бұл іспен жақсы бір мердігер компания айналысып жатыр. Біз оларға істі тоқтатпау керектігін айттық, — деді облыс әкімі.

Бұдан кейін қонақтар «Грин Хаус Қазақстан» жылыжай кешенінінде болып, жергілікті өнім түрлерімен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің айтуынша, жылыжайдың жалпы аумағы — 26 гектар. Бұл маңда 7 жылыжай кешені орналасқан.

— Бүгінгі күні Ақтөбе облысы жылыжай өнімдерімен 86 пайыз қамтылып отыр. Қосымша 43 гектарға кеңейту жұмыстарын жүргізбекпіз. Соның нәтижесінде, облыстың жылыжай өнімдерімен қамтылуы 170 пайызға жетпек. Бүгінгі күні 5500 тонна өнім өндірілген болса, соның 3200 тоннасы экспортқа шығарылды. Өнімдер Ресейге экспортталады, сол сияқты еліміздің өзге аймақтарына да жөнелтіледі, — деді ол.

Асқар Маминге заманауи үлгіде салынған жылыжайдың жұмыс істеу технологиясы түсіндірілді. Қонақтар жылыжай өнімдерінен дәм татты. Бұл жерде облыс әкімі Ақтөбеде өндірілетін тауар түрлерін таныстырды. Бердібек Машбекұлы жылыжайда Асқар Маминге Елбасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңіраралық кооперация мен суармалы егіншілікті дамыту бойынша тапсырмасын орындауда облыста қолданылып жатқан шаралар турасында баяндады.

Бұдан кейін Асқар Мамин индустриалды аймақты көріп, рельс-арқалық зауытының жұмысымен де танысты.

P.S. Облыста 2016-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылған және жоспарланған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалардың жалпы құны — 28 миллиард теңге.

**

Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбеде салынып жатқан тез тұрғызылатын шағын қабатты несиелік тұрғын үй бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен таныспақ. Сол сияқты, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтеріп жатқан қаладағы шығармашылық академиясы мен жекпе-жек сарайының құрылысын көреді. Бұдан кейін Асқар Мамин барлық облыс әкімдерінің құрылыс мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарларының қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жиын өткізеді деп күтілуде.    

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті