Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ЭКСПО қонағы — Швейцария конфедерациясының президенті

Дата: 14 августа 2017 в 02:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ЭКСПО қонағы — Швейцария конфедерациясының президенті

Швейцария Конфедерациясының президенті Дорис Лойтхард «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Швейцарияның ұлттық күнін атап өту шараларына қатысты.

Энергияны, таза экологияны қамтамасыз ету аса өзектілікке ие. Бұл бағытта «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу әлемдік қоғамдастық үшін маңызды деп сеніммен айта аламыз. Осында алдағы уақытта да жаңа технологиямызды ары қарай да кеңінен таныстыруға мүмкіндік бар, себебі бүгінде Қазақстан мен Швейцария арасында тұрақты ынтымақтастық орнаған, — деді Д.Лойтхард.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов аталған елден келген делегацияның сапары Қазақстан мен Швейцарияның арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын мерекелеу жылында өтіп жатқандығын сөз етті.

— Біз баламалы әрі жаңаратын энергия көздерін дамыту ісіне үлесін қосқан Швейцария Үкіметі мен Сіздің жеке еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Швейцария халқы қабылдаған «Энергетикалық стратегия — 2050» бағдарламасы «жасыл» экономиканы  дамытуға елеулі үлес қосатындығына сенімдіміз. Өздеріңіз білесіздер, бұл саланы дамытуға Қазақстан да айрықша мән беріп отыр. Жалпы «ЭКСПО-2017» көрмесі әлемдік қоғамдастықтың жаһандық проблемаларын шешу үшін әлемдік алаңға айналатындығы анық, — деді Б.Сұлтанов.

«A’Studio» тобы қазақ ТІЛІНДЕ ән шырқайды

 Осыдан 30 жыл бұрын Алматыда құрылған әйгілі «А’Студио» тобы тыңдармандарына қазақ тілінде ән дайындап жатыр.

Астанада өтетін «А’Студио» тобының «Музыка күші» концертіне арналған баспасөз мәслихатында топ солисі Кети Топурия қазақ тілінде ән жаздыру туралы тыңдармандар сұрағына жауап берді.

— Грузин қызы болғаным үшін қазақша оңай ән салады деп ойлайсыздар ма? Бұған дейін Батырмен (Батырхан Шүкенов — топтың алғашқы солисі — ред.) бірігіп, дуэт жазғымыз келді. Сондағы екі сағаттық азапты көрсеңіздер, студияда дәл бұлай қиналмаған шығармын. Бірақ ән жазу процесі аяқталған соң менің қазақшамды мақтады. Меніңше, қазақша ән жазсақ, қазақ аудиториясымен ғана шектеліп қаламыз. Ал біз музыка арқылы барша халықты біріктіргіміз келеді. Дегенмен, бізде қазақша ән жазылып жатыр, — деді ол.

Бұл хабарды «А’Студио» продюсері Байғали Серкебаев растады.

Ал ЭКСПО-да өтетін «Музыка күші» концертінің режиссері аталған кеште қазақ музыкасы мен ұлттық аспаптары ойналатынын, көрермендерді ерекше шоу күтіп тұрғанын мәлімдеді.

«A’Studio» тобының «Музыка күші» атты мерейтойлық концерті 15-20 тамыз күндері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Конгресс-орталығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтулы концертке голограмма, лазер, интерактивті қондырғылар, визуалдық және дыбыстық арнайы эффектілер және бірегей хореографиялық қойылымдар әзірленген.

 Астанада ЕРІКТІЛЕРДІҢ кеші өтті

Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің еріктілері үшін мерекелік тимбилдинг өтті.

Үш айлық халықаралық көрмеге еріктілердің үш буыны да келген. Бұлай дейтініміз, көрмеге әр ай сайын 500 еріктіден қатысады. Еріктілердің көбі келесі айға да қалып, халықаралық шараға атсалысып жатады.

«Астана жастары» КММ-нің ұйымдастырушы бөлімінің жетекшісі Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, бүгінгі шара жастарды достастырып, командалық біліктіліктерін шыңдауға бағытталған. Ұйымдастырушылар шара барысында шығармашылық және спорттық сайыстарды өткізді.

— Бүгінгі тимбилдинг «ЭКСПО-2017» көрмесінде жұмыс жүргізетін еріктілер үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Еріктілер өз пайдалары үшін де жұмыс атқарып жатыр. Мәселен, медициналық колледжде оқитын студент дәрігерлерге көмек көрсетіп, тәжірибесін шыңдауда. Еріктілердің еңбегін бағалауда мұнымен шектеліп қалмаймыз, — дейді Шыңғыс Тілеулин.

Еріктілермен бірге шараға астаналық Алтыншаш Мұқатаева да қатысып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жан болса да, Алтыншаш талабынан қайтпай, қала тұрғындары мен қонақтарын әнімен қуантып жүр. Еріктілердің тимбилдингіне де Алтыншаш екі әнін даярлап әкелген екен.

Астана қаласының әкімдігінен телефон шалып, «Астана жастары» ұйымының ұйымдастыруымен үш күндік «Жастар энергиясы» лагеріне қатысу туралы ұсыныс келіп түсті. Қуана-қуана келістім. Әр саланың көшбасшылары жиналған екен. Лагерьде тренингтер, түрлі шаралар болды. Әнші Марат Омаровтан сабақ алдық. Мен шарада ән айттым. Алдыңғы апталарда «Нұр Отан» партиясының «Рухы мықтылар» жобасына қатыстым. Бір сөзбен, шақырылған жерден қалмауға тырысамын. «Шабыт» қазақ өнер университетінің екінші курс студентімін, — дейді Алтыншаш.

«ҚазАқпарат».

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті