Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Асқар МАМИН: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы тәжірибесінен үлгі алу керек

Дата: 14 августа 2017 в 03:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Асқар МАМИН:  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы тәжірибесінен үлгі алу керек

Екі күндік жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ауданында салынып жатқан тез тұрғызылатын аз қабатты тұрғын үйлердің, сондай-ақ өнеркәсіптік аймақтағы өтпежолдың құрылысымен танысты. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Қурайлы ауылына барды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Шығармашылық академиясының мәжіліс залында барлық облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жиын өткізді.   

 2020 жылы «Нұр Ақтөбеде» тұрғындар саны 110 мыңға жетеді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Нұр Ақтөбе» ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тез тұрғызылатын аз қабатты, жеке тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым міндеттердің бірі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұл ауданда 2017-2018 жылы 423 аз қабатты несиелік тұрғын үйлер бой көтереді. Атап айтсақ, биылғы жылы №1А шағын ауданында жалпы аумағы 25,0 мың шаршы метрлік 194 жеке тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы ауданда таунхаус үлгісіндегі 60-қа жуық 3-4 қабатты несиелік тұрғын үй салынады. Оның ішінде жалпы аумағы 53,3 мың шаршы метрлік 22 тұрғын үй биыл пайдалануға берілмек.

— Қазір құрылыс жұмыстарын 14 мердігер ұйым жүргізіп жатыр. Олар үш ауысым бойынша жұмыс жасайды. Құрылыстың қарқыны жақсы. Қолданылып жатқан  технологиялардың арқасында тұрғын үйлер аз уақыттың ішінде салынып жатыр. Бұл жердегі пәтерлердің аумағы 40-75 шаршы метрді құрайды. Ал тұрғын үйдің әр шаршы метрінің бағасы — 120 мың теңге, —  деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Асқар Мамин құрылысы аяқталған аз қабатты несиелік тұрғын үйлерді аралап, мердігер ұйым жетекшілерінен технологиялар мен үйлерді тұрғызу уақыты, сондай-ақ құрылыс материалдары мен жұмыстың сапасы туралы сұрады. Сондай-ақ өзге өңірлерден келген облыс әкімдерінің құрылыс мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарларына «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша біздің облыстан үлгі алуға шақырды.

— Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы өз деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Бір апта ішінде мұнда сапалы, қолжетімді тұрғын үйлер салынуда. Елбасы бағдарламасының арқасында бұл жерде құрылыс саласы қарқынды дамып жатыр. Бұл — өте қуантарлық жайт. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына жергілікті материалдарды пайдалану өте маңызды, — деді А.Мамин.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына бұл ауданда алдағы уақытта 1280 гектар жерге тұрғын үй салынып, жалпы аумағы 2 млн шаршы метр болатын 4 200 пәтер пайдалануға берілетінін жеткізді.

Облыс басшысының айтуынша, бұл жерде бір-екі жылда инфрақұрылымы дамыған аудан пайда болады. Қазіргі күні бұл жерге инженерлік желілер тартылуда.

Айта кету керек, бүгінгі күні «Нұр Ақтөбе» ауданының аумағында кең жолақты автомобиль жолының құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе-Орск автомобиль жолы алдағы уақытта «Нұр Ақтөбе» ауданы мен облыс орталығын байланыстырады. Жоба құны — 3 050,2 млн теңге. Ұзындығы — 7,7 шақырым. Жолдың құрылысы 2018 жылдың қараша айында аяқталады. Бас мердігер ұйым — «КТП» ЖШС.

Келер жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аз қабатты, жеке несиелік тұрғын үйлер бой көтерген соң бұл ауданда республикалық бюджет есебінен 1200 орындық мектеп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында балабақша мен емхана салынбақ. Сонымен қатар аудан аумағында шағын өзен ағып жатады. Оның маңына демалыс орны тұрғызылады.

«Нұр Ақтөбе» ауданында тұрғындарға қолайлы болу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарда бар. Сондай-ақ осы ауданда жылу қазандығы кеңейтіліп, 110/10 кВ «Восточная» қондырғы стансасы тұрғызылады.

Сонымен қатар алдағы уақытта «Нұр Ақтөбе» ауданы аумағында орналасқан энергия тиімділігі орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Есет батыр атындағы спорт лицей-интернаты жанынан жаңа спорт кешені салынады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, жақсы баға берді.

Өтпежолдың құрылысына 700 млн теңге қаржы керек

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин өнеркәсіптік аймақта салынып жатқан өтпежолдың құрылысымен танысты.

Бүгінгі күні бұл аймақта дайындық жұмыстары жүргізіліп, көліктер үшін уақытша айналма жолдар салынған. Инженерлік желілер тартылып, толтырмалы бағаналар орнатылған.

Биылғы жылы өтпежолдың құрылысына республикалық бюджеттен 220,0 млн теңге бөлінген. Қазір оның 119,6 млн теңгесі жұмсалған.

Жобаның жалпы құны — 2 112,6 млн теңге. Құрылысты жүргізіп жатқан бас мердігер ұйым — «ТрансМостГрупп» ЖШС.

— Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін әлі 700 миллион теңге қаржы керек. Егер аталған мөлшердегі қаржы уақытында бөлінсе, өтпежолдың құрылысы келер жылы аяқталады, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев.

Өтпежолдың құрылысымен танысқан Асқар Мамин облыс әкіміне алдағы уақытта аталған қаржы мәселесінің шешілуіне көмектесетінін айтып, уәде берді.

 Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қурайлыға барды

Бұдан кейін Асқар Мамин бастаған топ Қурайлы ауылына барды. Биыл су тасқынынан зардап шеккен 89 отбасыға жер телімі берілген. Оның 70-іне Қурайлы ауылынан жер  берілген. Қазір тұрғындар өз күшімен үй салып жатыр. Оларға құрылыс материалдарын алу үшін «Қолғанат Ақтөбе» қоры 168 млн теңге қаржы берген. Сонымен қатар көлік шығындарына 1 млн теңгенің сертификаты табысталған.

Сондай-ақ тасқыннан зардап шеккен 8 отбасыға үйлерінің құрылысы аяқталғанша шағын отбасыларға арналған жатақханадан орын берілсе, 20 отбасы кәсіпкерлер мен демеушілердің арқасында пәтерге ие болды.

— Көктемгі су тасқынынан 700-ден астам үй зиян шекті. Оның ішінде 390 үй апаттық күйде болды. Сондықтан біз тасқыннан зардап шеккен отбасыларға облыс орталығындағы 4 ауданнан жер телімін бердік. Сондай-ақ үй салатын аумаққа газ, су, жарық жүргізіп бердік. Ал көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға кәсіпкерлер, басқарушы компаниялар мен ірі өндіріс орындары көмектесіп жатыр. Облыстың аудандары 12 отбасыға пәтер кілтін табыстаса, 4 отбасы демеушілер мен жұмыс берушілердің көмегімен баспаналы болды. 4 отбасы жалға берілетін үйге ие болды. Сонымен қатар екі отбасыға шағын отбасыларға арналған жатақханадан қайтарымсыз пәтер берілді, — деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімі Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына қала маңындағы бау-бақша ұжымдарының суға кету себептері анықталғанын жеткізді. Оның айтуынша, 40 жылдан бері Елек, Қарғалы, Сазды өзендерінің арналары тазаланбаған. Сондықтан көктемгі тасқын кезінде су ойпаң жерлерге жайылып, нәтижесінде өзен маңайында орналасқан аумақтар суға кеткен.

Асқар Мамин облыс әкімінің шешімін қолдап, мемлекет тарапынан көмек берілетінін айтып, сендірді.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына арнайы келіп, жағдайларын білгені үшін өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Олар Мемлекет басшысына, сондай-ақ су тасқыны кезінде қолдау білдіріп, мәселелерінің шешілуіне көмек көрсеткен облыс әкіміне алғыстарын айтты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары тұрғындарға алдағы уақытта да мемлекет тарапынан көмек, қолдау көрсетілетінін айтып, ауа райының жылы кезінде баспаналарына қоныстанып алуына тілектестігін білдірді.

«Нұрлы жер»: Ақтөбе — алдыңғы қатарда

 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Батыс-2 шағын ауданындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған Жекпе-жек сарайы мен Шығармашылық академиясына да барды. Инвестор, кәсіпкер Шамиль Каспрановтың бастамасының нәтижесінде бой көтерген Жекпе-жек сарайы биыл пайдалануға беріледі. Жоба құны — 2,1 млрд теңге. Ғимараттың жалпы аумағы — 5878,6 шаршы метр. Көрермендерге арналған орындықтар саны — 720.

Ал Шығармашылық академиясы жаңа оқу жылында келушілерге есігін айқара ашпақ. «ҚазХром» ТҰК» АҚ инвесторлығымен жүзеге асырылған жобаның құны — 2,0 млрд теңге. Ғимараттың құрылысын «АктобеЭлектроСетьСтрой» ЖШС жүргізген.

Шығармашылық академиясы 4 қабаттан тұрады. Жаңа оқу жылында мұнда мың балаға дейін қабылданады. Академияда білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мұнда 6-18 жас аралығындағы оқушылар ғылыми, шығармашылық үйірмелерге қатысады. Сондай-ақ академияда алдағы уақытта республикалық, облыстық деңгейде байқаулар, мәдени іс-шаралар өткізілмек.

Шығармашылық академиясының мәжіліс залында Асқар Мамин өзге өңірлерден келген облыс әкімдері орынбасарларына Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе облысы алдыңғы қатарда тұрғанын жеткізіп, біздің облыстың тәжірибесінен үлгі алуға шақырды.

— Биыл республика бойынша Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруда жұмысты бастаған болатынбыз. Бұл бағдарлама елімізде тұрғын үй құрылысының дамуына, сондай-ақ халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жасалған. Биыл жеті айдың ішінде біздің елімізде халықты баспанамен қамту бойынша көрсеткіштер 8,2 пайызға артты. Осылайша «Нұрлы жер» бағдарламасы республикада  тұрғын үй құрылысының дамуына зор серпін беріп отыр, — деді Асқар Мамин.

Өз сөзінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары еліміздің өзге облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан облыс әкімінің орынбасарлары Ақтөбеге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды өз көздерімен көріп, тәжірибе алмасу үшін арнайы келгендерін жеткізді. Сондай-ақ ол «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда бүгінгі күні бірқатар облыстар, атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алмай отырғанын айтты.

Жиында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе облысы көшбасшылардың қатарында екенін айтып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ризашылығын білдірді.

— «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруда Ақтөбе облысы жақсы жұмыс жасаған. Міне, алғашқы нәтижесін көріп отырмыз. Бағдарламаны орындауы, жобалардың жүзеге асуы, құжаттардың дайындалуы, мемлекеттік органдар мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкімен» жұмыс жасауы, инженерлік коммуникациялардың тартылуы — барлығы ойдағыдай қамтылған, — деді Асқар Мамин.

Бұдан кейін облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жиналғандарға аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, алдағы уақытта облыс бойынша 100 мың тұрғын баспанамен қамтылады. Ол үшін бүгінгі күні өңірдің барлық мүмкіндігі пайдаланылуда.

— Қазір облыста қуатты құрылыс және тұрақты база құрылды. Барлық өндірістер 100 пайыз жұмыс жасап тұр. Жыл аяғына дейін жаңа кірпіш зауыты іске қосылады. Қазір қытайлық инвесторлармен бірігіп Ақтөбеде цемент зауытын салуға байланысты Индустрия министрлігімен жұмыс жасап жатырмыз, — деді Б.Сапарбаев.

Жиында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикада 7 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы Қазақстан Республикасы Инновациялар және даму вице-министрі Роман Скляр, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова, «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Құдайбергеновтер баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин облыс әкімдерінің орынбасарларына «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керектігін айтты. Бұл, ең алдымен, облыстардың экономикалық әлеуетін дамытуға серпін береді.

— Ақтөбе облысы мемлекеттік бағдарламаның барлық мүмкіндігін пайдаланып отыр. Мәселен, жергілікті жұмыс күші, жергілікті құрылыс материалдары іске қосылуда. Сондай-ақ экономиканың дамуы, салықтың төленуі, әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы да өз деңгейінде орындалып жатыр. Соның арқасында бүгінгі күні Ақтөбе облысы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан, Елбасы тапсырмаларын орындауда жоғары деңгейге жетіп отыр, — деді Асқар Мамин.

Данагүл ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті