Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Дата: 15 августа 2017 в 22:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 41-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген.

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – құрылтайшы);

2) Конкурсты ұйымдастырушы Ақтөбе облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына ықпал етіп, үлес қосу болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері:

1)  мәдениетаралық диалогтың дамуына ықпал ететін  этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін  БАҚ бағдарламалары мен материалдарын дәріптеу;

2)  ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін ілгерілету;

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;

5) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тардың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар мен жеке авторлар қатыса алады.

3.2. 2017 жылғы Конкурсқа соңғы екі жылда өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды.

3.3. Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

5.1. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2017 жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін баспа БАҚ-та, оның  ішінде,  этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған материалдар,  теле — радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

– бірлік пен келісімді нығайтудағы ерешек үлес қосқан тұлғаларға арналған үздік ақпараттық материал;

– Ассамблеяның, соның ішінде өңірлердегі жұмыстың жаңа бағыттарын ашатын үздік ақпараттық материал;

– бірлік пен келісімді нығайтудағы еңбек ұжымдарының үлесіне арналған үздік ақпараттық материал;

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған үздік ақпараттақы материалға арнайы жүлде;

5.3. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

–  өңірлік конкурсқа қатысу үшін қатысушылар конкурстық жұмыстарды 2017 жылғы  21 тамыздан бастап 2017 жылғы 4 қыркүйекке дейін жібере алады;

– конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2017 жылғы 5 қазаннан   2017 жылғы 15 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі.

5.4.Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді жарияланған қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

5.5. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

6.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру конкурсқа қатысуға талап етушінің осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға келісімін бергенін  білдіреді.

6.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:

– кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған  өтінімінен;

– өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.

Бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем емес және 5-еуден артық болмауға тиіс.

6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына электронды түрде, сондай-ақ, жабық конвертпен жіберуге болады.

6.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.

Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар /баспасөз хабарламасы, т.б./ конкурсқа қатыстырылмайды.

6.5. Осы Ережемен көзделген талаптар бұзылған жағдайда конкурсқа қатысуға түскен өтінім қабылданбайды және тіркелмейді.

Байланыс телефондары: + 7 (7132) 55-81-17, + 7-701-950-38-93.

E-mail: kogamdykaktobe@mail.ru

№1 ҚОСЫМША

 

Журналистика саласындағы

«Шаңырақ» шығармашылық конкурсына қатысуға арналған

өтінім

 

* облысы, елді мекені;

* тегі, аты, әкесінің аты;

* туған жері және туған жылы;

* ұлты;

* тұрақты тұратын жері;

* байланысу телефоны;

* оқу орны/жұмыс істейтін жері;

* лауазымы;

* жұмыс өтілі.

 

* баспа БАҚ-та жарияланған материалдардың сканирленген көшірмелері;

* интернет-ресурстардағы парақшалардың басып шығарылған көшірмелері;

* теле-, радио бағдарламалардың дискке DVD, CD форматында жазылған жазбалары.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті