Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Туроператорлар ЭКСПО көрмесін қарашаға дейін созуды сұрап отыр

Дата: 15 августа 2017 в 22:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Туроператорлар ЭКСПО көрмесін қарашаға дейін созуды сұрап отыр

Қазақстанның туроператорлары «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтен халықаралық көрмені 1 қарашаға дейін созуды сұрады.

Ашық хат авторларының айтуынша, туроператорлар мен турбірлестіктер үшін тұңғыш рет туризмнен пайда табуға мүмкіндік туған.

«Аз уақыттың ішінде біз көптеген жұмыс орындарын ашып, үлкен табыс таптық. Студенттер мен аталған саланың көптеген мамандары шараларды ұйымдастыруда және шет тілдерін меңгеруде баға жетпес тәжірибе алды. Жастардың жұмыспен қамтылуы артты. Компаниялар 10-нан 200 адамға дейін жастарды жұмысқа алды. Отандық туроператорлар өздерінің турмаршруттарын іс жүзінде сыннан өткізіп, туристердің пікірлерін жинақтады және өз өнімдерін жетілдіруге кірісті. Бүгінгі күні осы мүмкіндіктің «ЭКСПО-2017» көрмесі барысында ғана, яғни тек үш айға ғана берілгені мәселе болып тұр. Құрметті Ахметжан Смағұлұлы! Турбірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының Президенті мен көрменің Халықаралық бюросына өтініш жолдап, көрмені 2017 жылдың 1 қарашасына дейін созу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз», — делінген үндеухатта.

Оған қол қойғандардың арасында туроператорлар, рестораторлар, қонақ үй бизнесінің өкілдері бар. Ашық хатқа жалпы 30 компания қол қойған.

КЕЛУШІЛЕР саны 17 мИЛЛИОНнан асты

10 маусым 14 тамыз аралығында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық павильондарына кіріп-шығу саны 17 миллионды құрады. Олардың арасында келушілер саны жағынан алдыңғы орындағы павильондар: Африка Плазасы (22 ел), Мысыр, Түркия, Әзербайжан, Таиланд, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Сауд Арабиясы Корольдігі.

Екі айда халықаралық павильондарда 66 ұлттық күн және 4 мамандандырылған күн, 160-қа жуық тақырыптық іс-шара (конгрестер, конференциялар, форумдар, шеберлік-сабақтар) ұйымдастырылған. «ЭКСПО-2017» көрмесіне, сондай-ақ, 22 елдің мемлекет және үкімет басшы, 78 Сыртқы істер министр қатысқандығын атап өту қажет.

Аталған мерзім аралығында 131 767 992 теңгенің 84 495 лицензиялық өнімі сатылып, 537,8 тонна өнім әкелінді. Қоғамдық тамақтану орындарында 558, 7 мың келушіге қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы мөлшері — 905,7 млн теңге.

10 маусым 14 тамыз аралығында байланыс орталығына 44 242 адам жүгінді. Ақпарат дүңгіршіктеріне жүгінген азаматтар саны — 17 016. Логистикалық қызмет көрсетулерге келетін болсақ, екі ай ішінде халықаралық павильондарға 5298 тонна жүк жеткізілді.

Қазіргі кезде ЭКСПО қалашығында 5181 адам тұрады. Жалпы мерзім ішінде (2 ай) 15 416 мейман орналастырылды.

Көрме аясында екі айда 4864 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 49 адам ауруханаға жатқызылды. Жүгінудің негізігі себептері: аллергия, дене қызуының көтерілуі және қан айналым жүйесі аурулары.

 

Екі ай ішінде 867 жоғалған зат табылды, оның 273-і иелеріне қайтарылды, ал 594 – сақтауда.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының желісі бойынша 1789 жағдай тіркелді, олардың 26-ы — қылмыс. Барлығы ұсақ ұрлықпен байланысты.

Қазақстан мен Украина дизайнерлері этноүлгідегі топтамаларын ұсынды

Елорданың «Жастар» сарайында тұңғыш рет Қазақстан мен Украинаның белгілі дизайнерлерінің халықаралық этникалық сән марафоны өтті.

Шараны ұйымдастырушы — Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы. Сән марафонын өткізу туралы идеяны елордалық «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Халықаралық этникалық сән марафоны украиналық Олеся Вакуленконың «Өмір ағашы» атты топтамасымен ашылды. Бұл — «Прет-а-порте» атауымен танымал шебер әйелдер қолынан шыққан украин халқының әсем туындысы. Ол — нақышты оюлармен өрнектелген күнделікті және салтанатты жағдайларда киюге арналған көйлек.

Қазақстандық дизайнерлердің де өнімдері ешкімді бей-жай қалдырмады. Мысалға, «Ұлы дала маржаны» атауымен Майя Дидің және «Қыз Жібек» атты Ақбота Тоқтасынованың топтамалары халық шығармашылығынан нәр ала отырып, әйел бейнесін әсем көркемдеген. Сондай-ақ Шымкент қаласынан келген Марат Ерімбетовтің «Тас үні», Петропавл қаласынан келген Айкүміс Бекзаттың «Айару» топтамаларын ерекше атап өтуге болады. Ал этно үлгідегі «Тұмар ханшайым» мен «Ақбата» атты топтамаларды дизайнерлер Г.Наетова мен Ж.Байжанова көпшілікке ұсынды. Олардың бұйымдарын да жұртшылық жылы қабылдады.

Нәтижесінде бірінші орын Украина халық өнері шеберлері ұлттық одағының мүшесі, Харьковтен келген дизайнер Олеся Вакуленкоға бұйырды. Екінші орынды қазақстандық Ақбота Тоқтасынова алса, үшінші орын дизайн магистрі елордалық Марат Ерімбетовке бұйырды.

Аударыспақтан халықаралық турнир өтеді

Елордадағы «Қазанат» ипподромында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 17-18 тамыз күндері аударыспақтан І халықаралық турнир өтеді.

Алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған аударыспақ сайысына Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, АҚШ сынды мемлекеттердің спортшылары қатысады.

— Аударыспақтың халықаралық деңгейге жетіп жатқанына қуаныштымыз. Ұлттық спорт түрлерінің тізгінін ұстап жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Республикалық деңгейде ұлттық спорт түрлерінің даму орталығы ашылды. Оның сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жасалмақ. Бұл жолғы халықаралық турнирдің маңызы бар. Аударыспақ сайысы Маңғыстау облысының мәдени күндерімен қатар өтеді. Ұлттық спортымызға қолдау білдіріп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына алғыс айтамыз, — дейді Спорт және дене шынықтыру ісі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның айтуынша, І халықаралық ашық турнир бәсекесінде балуандар 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақтарда өзара бақ сынайды. Жарыстың соңғы күнінде абсалютті салмақтың алтын белдігі сарапқа салынады. Жалпы жүлде қоры — 5 миллион 200 мың теңге.

Аударыспақтан Қазақстанның намысы үшін 2014 жылы елшілік бәсекенің алты дүркін чемпионы, Қырғыз Республикасында өткен ІІ дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы Біржан Қосалиев пен ауыр және нағыз салмақтың мықтысы Сырым Ізбасаров күш сынасатын болады.

ҚазАқпарат.

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті