Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жас театр режиссерлері республикалық форумда бас қосады

Дата: 22 августа 2017 в 21:42 Категория: Новости культуры

Жас театр режиссерлері республикалық форумда бас қосады

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I республикалық форум-фестивалі өтеді.

— Форум-фестиваль жас театр режиссерлерінің шығармашылығына жол ашып, қазақ режиссурасын жаңа есімдермен толықтыруды көздейді. Сонымен қатар шара аясында лекциялар, шеберлік сабақтар, семинарлар өткізіледі, — дейді Қазақстан театрлары қауымдастығының өкілдері.

Фестивальге еліміздегі 20-40 жас аралығындағы жас режиссерлер қатысады, олардың арасында Елік Нұрсұлтан, Дәурен Серғазин, Дина Құнанбайқызы, Рүстем Жаныаманов, Болат Абдрахманов, Фархад Молдағалиев, Жұлдызбек Жұманбай, Гүлнәз Қамысбаева, Мейрам Хабибуллин, Айдын Салбановтар бар.

Алты күн бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары форум-фестиваль барысында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, Астана жастар театры, Ақтөбе облыстық «Алақай» театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық жастар театры, «А.И» театры, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры, Алматы қаласы мемлекеттік қуыршақ театры, Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады.

 19 жАСТАҒЫ ЖІГІТ 300 келілік тасТЫ көтерДІ

 Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан құрамасының мүшесі Әміре Бағұстар Астанадағы этноауылда «Тас көтеру» жарысының жеңімпазы атанды.

Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды. Ересектер бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды.

— Мен бұл тасты көтеретініме толық сенімді болдым. Бастысы, тасты дұрыс ұстап, техниканы меңгеру, — дейді жеңімпаз.

Айта кетейік, салмағы 300 келідей болатын тасты Астанаға Баянауыл даласынан арнайы алып келген. Дәл осы жерде атақты балуан Қажымұқан алып тасты қолында ұстап, қара күш иесі екендігін дәлелдеген.

— Біз мұндай жарыстарды қазақ елін әлемге танытқан рухты батырларымызға құрмет көрсету мақсатында өткізіп келеміз. Осындай жарыс биыл үшінші рет өтуде, алайда тасты жерден көтере алатын адам биыл ғана анықталып отыр, — дейді Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев.

Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жеңімпазды құттықтап, Әміре Бағұстарға жаңа теледидарды сыйға тартты.

ЭКСПО-ҒА КЕЛУШІЛЕР САНЫ 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚТАДЫ

10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2 779 820 адам келді.

Көрменің үш миллионыншы келушісі апта соңында анықталуы мүмкін.

— 14-20 тамыз күндері ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам, яғни орташа есеппен күніне 49 349 адам келді. Өткен аптамен салыстырғанда келушілер саны 14 мың адамға өскен. Осылайша, 10 маусымнан 20 тамызға дейінгі аралықта «ЭКСПО-2017» көрмесіне 2 779 820 адам келді, — деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

10 маусым-20 тамыз күндері көрменің барлық нысандарына кіріп шығу көрсеткіші 22 113 663-ті құраған, оның ішінде халықаралық павильондарға — 19 438 248, көрме нысандарына 2 675 415 адам барған.

Көкпардың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

 Астанадағы «Қазанат» атшабарында көкпар ойынынан әлем чемпионатының салтанатты ашылуы болып өтті.

Чемпионаттың ашылуынан кейін бірнеше жұп көкпардан ойын өткізіп, өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, Қазақстан 9:2 есебімен Ауғанстан көкпаршыларынан басым түссе, Түркия көкпарды тұңғыш ойнауға келген АҚШ құрамасынан 7:1 есебімен басым түскен. Өз кезегінде Тәжікстан құрамасы Өзбекстанды 3:0 нәтижесімен жеңсе, ресейлік команда Венгрия құрамасын 7:1 есебімен ұтты.

Қытай мен Әзірбайжан құрамаларының кездесуі жоспарланғанымен, әзірбайжандық көкпаршылардың келмеуі себебінен жеңіс автоматты түрде Қытай көкпаршыларына берілді.

Көкпардан әлем чемпионатының ашылу салтанатында Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір сынды танымал әншілер әннен шашу шашты. Сондай-ақ, жиналған көрермендерге тазылардың жарысы көрсетілді.

— Ұлттық спорттың бірнеше түрінен халықаралық деңгейде жарыс өткіздік. Ендігі кезекте көкпардан әлем чемпионатын ұйымдастырып отырмыз. 11 елдің көкпаршылары көрермендер үшін ұлттық өнеріміздің көркін қыздырып жатыр. «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай Астанамызға келген шетелдік меймандар қазақтың ұлттық спортын тамашалағысы келеді. Осы орайда, көкпардан өтіп жатқан чемпионат ұлттық құндылықтарымызды әлемге паш етуге мүмкіндік береді, — дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

«ҚазАқпарат».

По сообщению сайта Ақтөбе газеті